ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Түрік тіліне 22 қазақ ақынының өлеңдері аударылды

Түрік тіліне 22 қазақ ақынының өлеңдері аударылды

Мәдениет 20.09.2022, 04:36 1,224
Түрік тіліне 22 қазақ ақынының өлеңдері аударылды
Сурет: Inform.kz
Түркияның Анталия қаласындағы Akdeniz университетінде қазақтың ұлы ақыны Таңжарық Жолдыұлының 120 жылдық мерейтойына орай Халықаралық әдеби конференция өтті.

Түркияның Анталия қаласындағы Akdeniz университетінде қазақтың ұлы ақыны Таңжарық Жолдыұлының 120 жылдық мерейтойына орай Халықаралық әдеби конференция өтті.


Шараны ұйымдастыруға Халықаралық «Таңжарық-зерттеу қоры» қоғамы, Дүниежүзі қазақтарының даму қоры, Akdeniz университеті, Еуразия Жазушылар Одағы және «Түрік Ошағы» бірлестігі атсалысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Конференцияның басты мақсаты - Таңжарық Жолдыұлының өмірдерегі мен шығармашылығын насихаттау, Түрік әлеміне таныстыру, Қазақ-түрік әдеби, мәдени байланысын нығайтуға үлес қосу.


Шара барысында түрік тіліне аударылған 22 қазақ ақынының өлеңдері мен өмірбаяны топтастырылған жинақтың тұсауы кесілді (топтастырған М. Мамытхан). «Таңжарық» журналы таныстырылды, Қазақстаннан барған ақындар өлеңдерін оқыды, Таңжарық шығармаларына талдау жасалды, өнер адамдары Таңжарықтың әндерін шырқады.


Түркиядағы белгілі жазушы, ғалым, қоғам қайраткерлері Таңжарық ақынның қиын да қилы өміріне тоқталып, шығармалары, артында қалған бай мұраларына талдау жасай отырып, «Таңжарық Жолдыұлы - түркі әлемінің ортақ құндылығы» деген бағасын берді.


Таңжарық Жолдыұлы – ақын, 1903 жылы наурыздың 15 жұлдызында Шынжаң Іле Қазақ автономиялы облысына қарасты Күнес ауданындағы Қамысты деген ауылда дүниеге келген. Алғашқы білім жолын туған аулында бастаған, 1922-1925 жылдары Қазақстанда Кеген, Нарынқол аудандарында жетіжылдық мектепте оқыған. Қазақ жазушыларының еңбектерімен кеңінен таныс болған. Өзі де өлең жазып, айтысқа қатысқан.


Таңжарық Жолдыұлы Шыңжаңда мұғалім болып қызмет атқарған, «Іле» газетінде редакторлық қызмет істеді. Кейіннен 1940-1946 жылдары Қытайдағы солақай саясаттың кесірінен тұтқындалып, түрмеге жабылған. Оның «Жастарыма», «Осы таң кімнің таңы?», «Оқып көр газетімді», «Көңілім қалды, торықты», «Абақтыда кім жатыр?», «Ақын сыры», «Еліме» өлеңдері осы кезде жазылған. «Өткен күндерім» (1942), «Қоштасу» (1941 - 1942), «Қасқыр мен Бөрібасар» (1934 - 1943), т.б. толғау жырлары мен «Назигүл» (1943) дастанының авторы. «Алғашкы жинақ» (Құлжа, 1948), «Армантау» (1974) жинақтары жарық көрген. 1947 жылы ақын өмірден озды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.