Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тұрғын үй сапасын тексеретін зертхана құрылады

Тұрғын үй сапасын тексеретін зертхана құрылады

Әлеумет 05.07.2022, 05:44 1,390
Тұрғын үй сапасын тексеретін зертхана құрылады
Сурет: Рaryz.k

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.


Қазақстанда құрылыс сапасын тексеру үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызмет құру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Министр құрылыс сапасына қатысты азаматтардан көптеген шағым түсетінін атап өтті. Осыған байланысты құрылыс сапасына мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында заңнамаға түзетулер әзірленді:


1. Құрылысты сапасыз жоспарлауды болдырмау мақсатында қала құрылысы сараптамасын енгізу;


2. Құрылыстың барлық кезеңінде (қазаншұңқыр қазудан бастап абаттандыру жұмыстарына дейін) объектілерге жоспарлы бақылау енгізу және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармаларының нысандарды пайдалануға қабылдауға қатысуы;


3. Пайдаланылатын материалдар мен орындалған жұмыстардың сапасына зертханалық және техникалық тексеріс жүргізу үшін тәуелсіз мемлекеттік зертханалық қызмет құру.


Қазір заң жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен талқыланып жатыр.



«Құрылыс процесін цифрландыру аясында мемлекеттік функцияларды іске асыру үшін модульдері бар eQurylys бірыңғай құрылыс порталы іске қосылып, құрылыс тізілімі жүктелді. Реестрге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сарапшыларды тестілеу рәсімі автоматтандырылды және техникалық қадағалау есептілігі электронды форматқа ауыстырылды», - деді Өскенбаев Үкімет отырысында.



Сонымен қатар атқарушы құжаттаманы электронды форматқа ауыстыру үшін порталды нарық субъектілерінің корпоративтік ақпарат жүйелерімен интеграциялау жүргізілуде. Порталда берілетін ақпаратқа қойылатын талаптар айқындалып, нарық осындай жүйелердің өнім берушілері қызметтерін дербес таңдайды.


Бүгінгі таңда атқарушы құжаттаманы пилоттық режимде жүргізу тұрғын үй объектілері мен автомобиль жолдарында іске қосылды.


Министр қабылданғалы отырған тәсілдер азаматтардың тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған және тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандырып, құрылыс процестерінің ашықтығы мен жоспарлау сапасын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс #Сапа #зертхана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.