ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / АЭС: Референдум / Тұрақты, қауіпсіз, экологиялық таза – АЭС туралы с...

Тұрақты, қауіпсіз, экологиялық таза – АЭС туралы сарапшылар пікірі

АЭС: Референдум 16.09.2024, 17:13 1,109
Тұрақты, қауіпсіз, экологиялық таза – АЭС туралы сарапшылар пікірі
almaty-akshamy.kz
АЭС құрылысы бойынша сараптамалық талқылау Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

АЭС құрылысы бойынша сараптамалық талқылау Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кездесуге Алматы қаласының AMANAT партиясының орталық аудандық филиалының төрағасы Найля Ордабаева, қалалық мәслихат депутаты Асие Ақанова, Ядролық физика институтының радиациялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Михаил Мухортов және қалалық қоғамдық кеңестің өкілі Нұржан Жақыпов қатысты.

Мұндай сараптамалық кездесулер ашық диалог форматында өтіп, АЭС құрылысына қатысты референдумға дайындық аясында халықтың барлық сұрақтарына жауап беруді мақсат етеді.

Қатысушылардың пікірі бойынша, Қазақстанды дамыған елдер қатарына енгізудің бір жолы – атом электр станциясын (АЭС) салу болып табылады.

– Қазіргі заманғы АЭС-терді елдің негізгі энергия өндіруші көзі ретінде «жасыл энергетика» деп атауға болады. Электр энергиясын өндіретін басқа көздермен, мысалы, көмір немесе газ қолданатын ЖЭО-лармен салыстырғанда, АЭС энергия тиімділігі бойынша абсолютті көшбасшы болып табылады. Сондай-ақ атом электр станциясы – жоғары технологиялық және сенімді кешен, ол заманауи жабдықтардан, білікті кадрлардан және ең бастысы, қауіпсіздік бойынша заманауи әдістерден тұрады. АЭС еліміздің экономикасы үшін ауыр және орта өнеркәсіпті дамытуға, ғылымды және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға жаңа серпін беруі мүмкін, – деді Михаил Мухортов.

Асие Ақанованың айтуынша, АЭС құрылысы электр энергиясы тарифтерінің тұрақтануына оң әсерін тигізуі мүмкін.

– Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, біз жыл сайын 152 миллиард ватт энергия тұтынамыз, оның ішінде 20 миллиард ватт тапшылықты Ресейден сатып алу арқылы өтейміз.  Сондықтан энергетикалық қауіпсіздік туралы айта отырып, бізге өзіміздің тұрақты энергия көзінің қажеттігін атап өтуіміз керек, – деді спикер.

Сұрақтарға жауап бере отырып, сарапшылар жаңартылатын энергия көздеріне толық сену мүмкін еместігін, себебі олардың тұрақты емес екенін атап өтті.

– ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) базалық энергия көзі бола алмайды, өйткені олар табиғи жағдайларға толығымен тәуелді. Ал АЭС керісінше, әрдайым жұмыс істеп тұрады және мұндай факторларға тәуелсіз, – деп қосты Найля Ордабаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.