AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тұңғыш Президент мәртебесі Конституцияда «Тәуелсіз...

Тұңғыш Президент мәртебесі Конституцияда «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деп қана айқындалады

Билік 25.04.2022, 09:57 1,291
Тұңғыш Президент мәртебесі Конституцияда «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деп қана айқындалады
Сурет: Ria.ru

Ата заңның бүкіл бөліміне өзгеріс енгізіледі.


Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов Тұңғыш Президенттің Ата заңдағы мәртебесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamt.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Конституцияда 46-бап болмайды. Ал 91-бапта Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» деген сөз ғана қалады. Басқа ешқандай сөз жоқ», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.



Сонымен қатар ол қазіргі Конституцияда "Тұңғыш Президент Конституциялық кеңестің мүшесі бола алады" деген бап бар екендігін атап өтті.



«Бірақ, Конституциялық сот саяси орган саналады. Енді Конституциялық сот болған кезде ол жерде нағыз мамандар, заңгерлер отыруы керек. Сол үшін бұрынғы Президенттер мүше, судья, сот бола алмайды. Яғни, өкілеттігі жоқ», - деді Бақыт Нұрмұханов.



Оның түсіндіруінше, қазіргі уақытта Ата заңның 33-бабына 56 түзету енгізу көзделген.



«Екі бөлімнің атауы өзгереді. Сонымен алғанда, Ата заңның бүкіл бөліміне өзгеріс енгізіледі. Конституциялық кеңеске арналған бөлім Конституциялық сот болып, сот және сот төрелігі деген 7-бөлімнің атауына прокуратура және адам құқықтары жөніндегі уәкіл деген сөздер қосылады. Өйткені, бұл бөлімде аталған институттарға арналған баптар бар», - деді ол.



Еске сала кетейік, бұған дейін Конституциялық кеңес Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өтінішін іс жүргізуге қабылдаған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Назарбаев #президент #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);