конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұңғыш Президент күнінде 50-ден астам ҚАЖ қызметке...

Тұңғыш Президент күнінде 50-ден астам ҚАЖ қызметкері марапатталды

Әлеумет 01.12.2021, 05:35 1,340
Тұңғыш Президент күнінде 50-ден астам ҚАЖ қызметкері марапатталды
Cурет: ҚАЖ

1 желтоқсан - ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алған ерекше күн


Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күнін салтанатты түрде атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Салтанатты жиынды ашқан департамент бастығы, әділет полковнигі Д.Қанатбеков Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ елінің бүгінгі қол жеткізген жетістіктеріне қосқан үлесін, баға жетпес еңбегін атап өтті.



«1 желтоқсан - ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алған ерекше күн. 1991 жылдың 1 желтоқсанында  бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің Тұңғыш Президенті сайланған болатын.  Қазақ халқы өзінің Тұңғыш Президентінің бастамасымен саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырды. Тұңғыш Президенттің жанкешті еңбегінің арқасында республикамыздың шекарасы нақтыланып, Қазақстанның Қарулы күштері құрылды. Елді рухани жаңғырту бағытында да қыруар еңбек етті. 
Міне, Елбасының  мемлекет алдындағы еңбегін насихаттау мақсатында 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып бекітілді. 
Барлықтарыңызды осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, мемлекетіміздің жарқын болашағы жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін», - деді әділет полковнигі Д.Қанатбеков.



Салтанатты жиында 50-ден астам қызметкер марапатталды. Олардың ішінде ЛА-155/13 мекемесінің бақылаушысы Биғали Сейдіғапаровқа мерзімінен бұрын әділет аға сержанты арнаулы атағы берілсе, Алматы қаласы пробация қызметінің бастығы, әділет подполковнигі М.Закирбаев «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен және ЛА–155/6 мекемесінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Ж. Шүкіров «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ 19 қызметкерге ҚАЖД атынан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі табысталды. Мерейлі мереке күні 35 қызметкерге департамент бастығының атынан алғыс хат тапсырылып, алғыс жарияланды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚАЖ #Марапат #Тұңғыш Президент күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);