AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тұман, көктайғақ, қатты жел...

Тұман, көктайғақ, қатты жел...

Әлеумет 22.10.2024, 06:23 1,957
Тұман, көктайғақ, қатты жел...
интернет

Еліміздің 12 өңіріне дауылды ескерту жарияланды.

Синоптиктер бүгін  Қазақстанның 12 облысына дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ орталығы - Оралда тұман болады деп күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады.

Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкент пен Түркістан қалаларында да күндіз найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Астанада тұман болады деп күтіледі. Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болатыны болжанады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Көкшетау қаласында да тұман болады.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ Атырау қаласында да тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, сондай-ақ Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Абай облысында батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Алматы облысының орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қонаев қаласында да оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #тұман #жел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);