ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Жолдау 2023 / Түйткілді мәселелерді шешеді 

Түйткілді мәселелерді шешеді 

Жолдау 2023 17.09.2022, 08:44 969
Түйткілді мәселелерді шешеді 
Сурет: Almaty.tv
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жаңғыртуға бағытталған шаралары өте маңызды екенін атап өткім келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын жаңғыртуға бағытталған шаралары өте маңызды екенін атап өткім келеді. 


Кез келген бизнес үшін инвестиция құюға болатын қолайлы жағдай, ашықтық пен кәсіпкердің мүддесін қорғайтын заңнаманың болуы өте маңызды. Қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда мемлекеттің ішкі саяси реформаларының орнықтылығы аса қажет мәселе. Жалпы, экономиканы дамыту, индустриалды-инновацияға бет бұру, шикізатқа тәуелділіктен арылу негізгі мақсаттар. Отыз жылдан бері талай бағдарламаларды қолға алдық. Бірақ көздеген мақсатымызға әлі де жете алмай келеміз. Дегенмен, бұл жолғы Жолдаудың жөні бөлек болды. Жолдауда баса айтылған дүниелердің бірі – елдегі еңбек өнімділігін көтеру. Бизнестің бәсекелестігін арттыра отырып, халықты жұмыспен қамтудың өзектілігі айтылды. Шикізатқа әлі де тәуелдіміз, еңбек өнімділігі төмендігі, инновация жеткіліксіздігін ескере отырып, оны шешудің нақты жолдарын көрсетті. Және де Мемлекет басшысы отандық бизнес үшін күрделі мәселелердің бірі – несие ресурстарының жетіспеушілігіне тоқталды. Ұлттық банк, Қаржыны реттеу агенттігі, Үкімет нақты секторды тұрақты және қолжетімді несиелеуді қамтамасыз ету үшін нақты шешімдер табуы керектігін атап өтті. 


Ел Президенті өз Жолдауында ең төменгі айлықтың 70 мың теңгеге өсетінін айтты, бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалған маңызды қадамдардың бірі деп ойлаймын. Сонымен қатар, кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдердің зейнетке шығу жасы 2028 жылға дейін 61 жас болып бекітіледі. 


Алдағы уақытта көліктерді жеткізудің барлық заңсыз арнасына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдауы, оларды заңдастыру үшін 200–250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде утилизация және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынуы өте қуантарлық жағдай. 


Сондай-ақ, Президент Қ.К.Тоқаев ұлттық табыстың игілігін халықтың барлығы бірдей көріп отырмағанын да айтты. Осыған орай, 2024 жылдан бастап, «Ұлттық қор балаларға» жобасы жұмыс істейтін болды. Бұл норма күшіне енген кезде, яғни 2024 жылы 18 жасқа толмаған барлық баланың атына арнаулы шот ашылады. Шоттағы қаражат шетел валютасында болатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар, жинақ бойынша пайыздар есептеледі. Бұл шаралар шоттағы қаржыны инфляциядан қорғауға мүмкіндік береді. Осы өзгерістердің барлығын іске асыру сіз бен біздің қолымызда. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.