Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Туған елге тағзым»

«Туған елге тағзым»

Әлеумет 03.07.2023, 10:21 937
«Туған елге тағзым»
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы  Зияткерлік мектебі «Туған елге тағзым» жазғы өлкетану-зерттеулік экспедициясы барысымен  Іле Алатау оңірінің көрнекті нысандарына жорыққа шықты.


Бір аптаға созылатын   берері мол экспедицияға  жолдаманы  мектептің үздік оқушылары   ұтып алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.




  
Он жылдан астам уақыт жалғасып,  дәстүрге айналған «Туған елге тағзым» өлкетану және ғылыми-зерттеу экспедициясы – оқушылардың академиялық және ғылыми жобалық іс-әрекеттерін біріктіруді жүзеге асыруға арналған бірегей эксперименталды алаң. Алматылық зияткерлер экспедицияның барысында өңірдің көрнекті жерлерін аралап қана қоймай, ғылыми жобалар портфолиоларын құнды ақпараттармен, зерттеулермен толықтырады.


Түрген шатқалының әйгілі Аюлы сарқырамасы оқушыларды жаңа ғылыми жобаларға шабыттандырып, жаңа идеялар туындады.



«Сарқырамаға барар жолдың жағдайына қарап, “Экотуризм” тақырыбында мобильдік қосымшаны әзірлеу ой келді.  Яғни, ғылыми жобамыздың мақсаты - Қазақстандағы экотуризмді дамыту жолдарын қарастыру болып табылады», – деп әңгімеледі 9-сынып оқушысы Қосан Арлан.


«Біз Түрген шатқалында орналасқан   Аюлы сарқырамаға бардық. Көргеніміз бойынша, жол өте жаман, ұзақ әрі қиын. Өкінішке орай   осындай жолдар арқылы қозғалу жасы үлкен  не мүмкіндіктері шектеулі жандарға қиындық туындатады. Біздің топ осы туралы ойланып, онлайн-экскурсияларды жасау шешімге келді. Осы арқылы адам VR-көзілдіріктер киіп, өзін сол жердегідей сезіне алады. Бұл ғаламтордан суреттерді қарағаннан әлде қайда қызығырақ. Жобамыз шектеулері бар адамдарға  көмектесіп, туризмді арттырады»,- деп бөлісті 9-сынып оқушысы Базарбай Арслан.


«Жобамызды іске асыру үшін, керекті жерге барып, барлық аймақты 360⁰ жасап түсіру, және оны арнайы бағдарламаға салып VR-көзілдіріктер үшін қолданысқа жарамды суреттерді шығарып, онлайн экскурсияға даярлау керек.   Оны әрі қарай дамыту үшін, сайт жасауды көздеп отырмыз»,- деп толықтырды зияткер.
 



Жылда Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жаздық жорыққа шығатын экспедицияның ізімен оқушылар шамамен  жиырмаға жуық жаңа жобаларды бастап, зерттеу жүргізіп, сол жұмыстарымен республикалық деңгейде түрлі ғылыми жобалар байқауына қатысып әлеуметтік, техника, инновация саласында жаңалықтар ашуда.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Туған елге тағзым #экспедиция #көрнекті нысандар #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.