конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Туған елге саяхат» жобасына 200 бала қатысты

«Туған елге саяхат» жобасына 200 бала қатысты

Әлеумет 29.06.2023, 09:51 1,313
«Туған елге саяхат» жобасына 200 бала қатысты
Сурет: Egemen.kz

Осыдан 10 күн бұрын «Туған елге саяхат» балалар пойызы алғашқы сапарын бастаған болатын.


Осы уақыт аралығында балалар Қазақстанның ең көрікті және тарихи өлкелеріне барып, табиғи жауһарларымен танысты. Бірінші пойыз Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Бурабай – Астана бағытында саяхат ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Egemen.kz-тің хабарлауынша, «Туған елге саяхат» жобасына 200 бала қатысты. Бірінші кезең қатысушылары саяхаттан ерекше әсер алған. 



«Балалардың сапардан көздері жанып, зор шабытпен, ынта-жігермен келгені байқалып тұр және бұл жобаға берілген ең жақсы баға десек, артық айтқандық болмас. Ең қызықты жерлерді таңдап, өскелең ұрпаққа ұлан-байтақ еліміздің көрікті жерлерін көрсетуге тырыстық. Жобаға қызығушылық жыл сайын артып, балалар оны тыпырши, асыға күтетіні сезіледі», деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.



Саяхат керуенінде елордаға бірінші рет келгендер де бар. Мәселен, «Қазпошта» компаниясының Шортанды қаласындағы бөлімшесінде бес жыл жұмыс істеп келе жатқан Гүлнар Құрметтің 11 жасар қызы алғаш рет туған ауылынан тысқары шыққан.



«Менің қызым көңілді сапарға аттанатына қатты қуанып, күн сайын қоңырау шалып отырдық. Сөйтіп күнде көргендерінің бәрін сипаттап, саяхаттың, жаңа қалалар мен достардың, жалпы барлығының ұнайтынын әңгімеледі. Өміріндегі ең күшті каникул екенін жеткізді. «Самұрық Қазына» қоры балалар үшін осындай керемет мүмкіндік сыйлап, армандарын орындағанына өте ризамын», дейді Гүлнар Құрмет.



Жоба аясындағы келесі екі сапар тағы 400 оқушыны қамтиды. Игі бастама «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қорымен» ынтымақтастықта жүзеге асырылып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Туған елге саяхат #жоба #балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);