ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Туберкулез туралы не білу керек?

Туберкулез туралы не білу керек?

Керек кеңес 28.01.2023, 09:12 1,875
Туберкулез туралы не білу керек?
сурет:mon-crb.ru
Туберкулезді емдеу тәсілдері жақсарғанмен, ауруды жұқтыру азаймай тұр.

Туберкулезді емдеу тәсілдері жақсарғанмен, ауруды жұқтыру азаймай тұр.


Жыл сайын әлем бойынша 2 миллионға жуық адам туберкулезден көз жұмады. Өйткені туберкулез өкпемен қатар көз, ішек, бүйрек сынды өзге де органдарды зақымдайды. Жалпы, туберкулезден толық айығуға болады. Бұл дертке қарсы дәрі-дәрмектер де жеткілікті. Соған қарамастан, жұқпалы дерт әлемде толық ауыздықталмай тұр. Қауіпті кеселдің алдын алудың бірі жолы – вакциналау. Қазақстанда бала дүниеге келе салысымен 5-7 күнде БЦЖ вакцинасы жасалады.


Фтизиатр Айман Қасымова азаматтар уақытында профилактикалық тексерулерден өтіп тұрса, бұл дерттің алдын алу қиын емес деп санайды.



«Туберкулез – инфекциялық ауру, ауа арқылы тез тарайды. Осы дертті көбіне ересектер таратады. Сол үшін нәресте дүниеге келе салысымен БЦЖ вакцинасын салғызу керек. Перзентханада егілген екпе баланы ұзақ уақыт бойы осы аурудан қорғайды. 7 және 14 жаста вакцина тағы салынады. Мұны қайталап егу деп атайды».



Қазақстанда туберкулезді анықтау мен емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін жүзеге асырылады.  



«Жөтел, әлсiздiк, кеуде тұстың ауруы, тәбеттiң төмендеу мен салмақтың азаюы - бұл туберкулездің алғашқы белгілері болып табылады. Егер осы белгілермен қатар жөтел 2 аптадан артық уақытқа созылса, мiндеттi түрде дәрiгерге қаралу қажет. Дәрігерлердің пікірінше, жұқтырған күннің өзінде дер кезінде дұрыс емделсе, кез келген адам құлан-таза айығып кете алады».



Туберкулездің қарапайым және екіншісі созылмалы деп аталатын екі түрі кең таралған. Жасыратыны жоқ, елімізде қазір туберкулездің созылмалы түрі көбейіп кетті. Сәйкесінше ем қабылдау да ұзаққа созылады. Егер қарапайым түрін емдеу 6-8 айға созылса, созылмалы ауыр түрін емдеу үшін 20-25 ай уақыт қажет.


Өкінішке қарай, көптеген пациенттер алғашқы белгілерді байқамай уақыт өткізіп, ауруды асқындырып алады. Сондықтан әр адам денсаулықты ауырған кезде емес, ауырмас бұрын күткені абзал. Яғни салауатты өмір салтын сақтау керек. Дұрыс тамақтану, қуатты тағамдарды тұтыну, қимыл-қозғалысты көбейткен жөн. Сондай ақ профилактикалық тексерулер мен скринингтерден уақытылы өтіп тұрған жөн.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.