AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Циклонның әсерінен жауын-шашын күшейеді

Циклонның әсерінен жауын-шашын күшейеді

Әлеумет 29.05.2026, 08:33 537
Циклонның әсерінен жауын-шашын күшейеді

Циклонның әсерінен жауын-шашын күшейеді , – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде 2026 жылғы 29 мамырда белсенді солтүстік-батыс циклонының жырасы мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.

Ал Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашынсыз, көбіне құрғақ ауа райы сақталады.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік-батыс пен оңтүстіктің кей өңірлерінде шаңды дауыл болуы ықтимал.

"Түнде және таңертең елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында тұман түседі",— деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бірнеше өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Атап айтқанда, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында өрт қаупі жоғары болады.

Ал төтенше өрт қаупі еліміздің оңтүстігінде және Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей аудандарында, сондай-ақ Жетісу мен Абай облыстарында болжанып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#циклон
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);