AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасад...

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Әлем 26.04.2026, 12:24 539
Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады
суреттер: BBC

Вашингтондағы Washington Hilton қонақүйінде Ақ үй тілшілерінің қауымдастығы ұйымдастырған кешкі қабылдау кезінде қарулы ер адам қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасады. Оқиға кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп, бірінші ханым Мелания Трамп және бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар эвакуацияланды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

АҚШ БАҚ-тарының мәліметінше, күдікті Калифорния штатының 31 жастағы тұрғыны Коул Томас Аллен. Оның жанынан мылтық, тапанша және бірнеше пышақ табылған. Ол Секрет қызметінің бақылау бекетінде оқ атқан. Оқтардың бірі агенттің оқ өткізбейтін жилетіне тиген, соның арқасында қызметкер аман қалған.

Күдікті оқ жарақатынсыз ұсталып, медициналық тексеру үшін ауруханаға жеткізілді. Қазір ФБР мен жергілікті полиция оның әрекетінің себебін анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол жалғыз әрекет еткен болуы мүмкін.

Оқиғадан кейін Дональд Трамп Ақ үйде журналистерге мәлімдеме жасап, шабуылдаушыны «жалғыз әрекет еткен науқас адам» деп атады. Ол қауіпсіздік қызметінің жедел әрекетін жоғары бағалап, бастапқыда эвакуацияға қарсылық танытқанын да айтты.

Шабуыл салдарынан салтанатты кеш тоқтатылды. Іс-шара кейінге шегерілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);