ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жар...

Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялады

Әлем 12.01.2026, 09:35 271
Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялады
Nathan Howard / Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде "жаңа лауазымын" жариялады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде "жаңа лауазымын" жариялады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Трамп Truth Social-да (Википедиядағы өмірбаянға ұқсас) скриншот жариялап, онда 2026 жылғы қаңтардан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарушы екенін көрсеткен. Яғни, ол өзін 2026 жылғы қаңтарда "тағайындалды" деп жазған. АҚШ президенті ретіндегі қазіргі қызметін де өзінде қалдырған.

Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump

Венесуэладағы оқиғалар

Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанда АҚШ Венесуэлаға қарсы операция жүргізіп, ел астанасы Каракаста президент Николас Мадуро мен оның жұбайын қолға түсірген. Кейін Мадуро Бруклиндегі тергеу изоляторына жеткізілгені белгілі болды.

Сондай-ақ, Трамп "АҚШ-тың барлық жауына" Венесуэлада болған операция сияқты шара қолданатынын айтып, қоқан-лоқы жасады.

Нью-Йоркте Венесуэла президентінің ісі бойынша соттың алғашқы отырысы аяқталды. Оған "есірткі-терроризмге байланысты сөз байласу, кокаин контрабандасы, пулеметтер мен жарылғыш құрылғыларды сақтау және оларды АҚШ-қа қарсы қолдану мақсатында сөз байласу" айыптары тағылып, төрт рет өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.

Сотта Мадуро өзінің "әлі де Венесуэла президенті" екенін және "айыптардың ешқайсысына кінәлі емес" екенін мәлімдеді. Оның әйелі де кінәсіз екенін айтты. Олар судьямен аудармашы арқылы сөйлесті.

Судья саясаткерді келесі тыңдауға 17 наурызда келуге міндеттеп, консулдық қызметкерлердің келуіне рұқсат берді. Оның қорғаушылары Венесуэла президентін кепілмен босатуға қол жеткізуге ниетті екенін айтты.

Делси Родригес Венесуэланың президент міндетін атқарушысы болып тағайындалды. Бастапқыда Родригес АҚШ әрекеттерін қатаң айыптап, Мадуроны босатуды талап еткен, алайда кейінірек Трампқа үндеу жариялап, венесуэлалықтар "соғыс емес, бейбіт өмірге лайық" екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.