ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Ресми бөлім / Төтенше жағдайлар министрі құтқарушыларды құттықта...

Төтенше жағдайлар министрі құтқарушыларды құттықтады

Ресми бөлім 19.10.2025, 10:25 459
Төтенше жағдайлар министрі құтқарушыларды құттықтады
ҚР ТЖМ
Құрметті әріптестер, қызмет ардагерлері, қадірлі құтқарушылар!

Құрметті әріптестер, қызмет ардагерлері, қадірлі құтқарушылар!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығымен және біздің ортақ кәсіби мерекеміз – Құтқарушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл маңызды күн адамдарды құтқару ісіне өзін арнаған барлық жандарды, олардың ведомстволық немесе ұйымдық бағыныштылығына қарамастан, біріктіретін мереке. 

Бүгінде Құтқарушы күні бұл қауіпсіздік күзетінде тұрған және кез келген сәтте көмекке келуге дайын ТЖМ қызметкерлерін, еріктілерді, қоғамдық және мемлекеттік емес құтқару құрылымдарының өкілдерін біріктіретін өзара құрмет пен бірліктің символы.

Министрліктің отыз жылдық тарихы бұл ерлік, жанқиярлық және антқа адалдық жолы. Осы жылдар ішінде Қазақстанның азаматтық қорғау жүйесі қалыптасу мен дамудың үлкен жолынан өтіп, кез келген қиындықтарға тиімді жауап бере алатын қуатты әрі заманауи құрылымға айналды.

Кәсіби шеберлік, абырой мен Отанға адал қызмет ету дәстүрлерін қалыптастырған қызмет ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін. Сіздердің тәжірибелеріңіз, даналықтарыңыз бен өнегелеріңіз министрліктің даңқты дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан жас құтқарушылар үшін үлкен рухани күш пен шабыт көзі.

Күн сайын азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында алдыңғы шепте тұрған барлық қызметкерлерге, еріктілерге, азаматтық белсенділерге алғысымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз нағыз патриотизм мен адами жанашырлықтың көрінісі.

Сіздерге зор денсаулық, амандық және келешекке деген сенім тілеймін. Сіздердің игілікті миссияларыңыз әрдайым халықтың құрметі мен ризашылығына ие бола берсін!

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі

генерал-майор

Шыңғыс Әрінов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.