конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Төтенше жағдайлар министрі Жамбылдағы жарылыста қа...

Төтенше жағдайлар министрі Жамбылдағы жарылыста қаза тапқандарды марапаттау бойынша мәлімет берді

Әлеумет 29.08.2021, 12:01 1,234
Төтенше жағдайлар министрі Жамбылдағы жарылыста қаза тапқандарды марапаттау бойынша мәлімет берді
сурет: Primeminister.kz

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандарға неге әртүрлі марапат берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойған еді. Сондай-ақ өрт сөндіру кезінде қаза болған құтқарушылар I және III дәрежелі "Айбын" орденіне ұсынылған.



«Біріншіден, мен Жамбыл облысында болған қайғылы оқиғада қаза тапқан азаматтардың барша туған-туысқандарына көңіл айтамын. Соңғы дерек бойынша, 13 адам қайтыс болды. Өкінішке қарай, үш адамның дерегі табылмай отыр. Жарылыстардың эпицентрінде сол үшеуін іздеу жұмыстары жалғасуда. Сондықтан, қазір Мемлекет басшысының Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің бірқатар қызметкерлері ғана марапатталды. Қалған қызметкерлерді ДНҚ сараптамасы бойынша анықтап, денелері табылғаннан кейін қосымша мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынамыз», - деді Юрий Ильин.



Сондай-ақ, министр ҚР Президентіне қызметкерлердің ерлігін жоғары бағалағаны үшін алғыс білдірді.



«Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары «Халық қаһарманы» атағын алды. Ол алғашқы жарылыс болған кезде өрт сөндіруді, эвакуациялық жұмыстарды ұйымдастыруды басқарды. Оқиға орнында болған құтқарылған қызметкерлерді қоса алғанда, ол бірнеше адамды қауіпті жерден алып шықты. Содан кейін екінші күшті жарылыс болды, ол сол жарылыстың салдарынан қайтыс болды», - деді Юрий Ильин.



Ведомство басшысы тәртіп бойынша бірінші дәрежелі «Айбын» орденімен қайтыс болған офицерлер құрамы, ал үшінші дәрежелі «Айбын» орденімен қатардағы құрам сарбаздары марапатталатынын түсіндірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖМ #Жамбыл оқиғасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);