конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Төтенше жағдай кезінде мүгедектігі барлардың төлем...

Төтенше жағдай кезінде мүгедектігі барлардың төлемдері тоқтаған жоқ

Әлеумет 18.01.2022, 07:51 1,609
Төтенше жағдай кезінде мүгедектігі барлардың төлемдері тоқтаған жоқ
Сурет: ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Аталған шара 11 411 мүгедектігі бар адамды қамтиды.


Қазақстанда ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) 2021 жылғы 5 желтоқсаннан бастап 2022 жылғы 19 қаңтарға дейінгі кезеңде мүгедектікті қайта куәландыру мерзімі басталған азаматтар үшін мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу автоматты түрде ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Сондай-ақ, төлемдерді ұзарту мүгедек балаларға және I топтағы мүгедектерге күтім жасайтын 3 089 адамды қамтиды.


Сонымен қатар, Қазақстанда 2021 жылғы 5 желтоқсаннан бастап ағымдағы жылғы 19 қаңтарға дейінгі кезеңде кәмелетке толған 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасауды жүзеге асыратын 373 жәрдемақы алушы бар.



Бұдан басқа, базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындауға құқығы бар және төлемдерді тағайындауға уақытында өтініш жасап үлгермеген азаматтарға Еңбекмині ТЖ режимі қолданылатын кезеңде және ол аяқталғаннан кейін бір ай ішінде өтініш беру мүмкіндігін берді. Көрсетілген төлемдерді тағайындау тағайындау үшін негіздер туындаған күннен бастап жүзеге асырылатын болады.



Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылы да төтенше жағдай режимі мен шектеу шаралары кезеңінде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға құқығы бар тұлғаларға қажетті құжаттардың скан-көшірмелерін қоса бере отырып, «Электрондық үкімет» порталындағы электрондық өтініштер сервисі арқылы өтініш беру мүмкіндігі берілген болатын.


Бұдан басқа, шектеулер қолданылған кезеңде қайта куәландыру мерзімі басталған мүгедек адамдарға мүгедектігі бойынша мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу автоматты түрде ұзартылды.


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрдемақы #еңбек #министрлік #тж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);