AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Торсық толы су Астанаға жетті

Торсық толы су Астанаға жетті

Әлеумет 07.09.2024, 10:36 1,501
Торсық толы су Астанаға жетті
Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Астанада Қазақстанның 20 өңірінен 200-ден астам өкілдің қатысуымен «Бірлік керуені» атты ауқымды іс-шара өтті. Спортшылардан, батырлардан және қоғам қайраткерлерінен құралған керуен әр өңірдің дәстүрлі стилінде безендіріліп, шеру жасады, деп хабарлайды aqshamnews.kz. 

Керуеннің басты міндеті – өңірлерден елордаға ойындар тарихының ажырамас бөлігі болып саналатын қасиетті суды ойындардың ашылу салтанатына жеткізу. «Бірлік керуені» 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатының басты киелі элементі ретінде қасиетті суды пайдалану дәстүрін жалғастырады. 

Астана әкімдігі
Елорда әкімдігінің мәліметі бойынша, сағат 16.00-ден бастап ЭКСПО аумағында елорда тұрғындары мен қонақтары алдында ди-джей өнер көрсетіп, интерактивті ойындар өткізді. Одан әрі сағат 17.00-де театрландырылған бағдарламамен және 20 өңірден келген өкілдердің шеруі арқылы ресми ашылу өтті.
Астана әкімдігі
Қатысушылар мен көрермендер алдында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен ҚР Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында керуен еліміздің барлық өңірінен жиналған қасиетті суды Астанаға жеткізді. Бұл су Қазақстан халқының ортақ күші мен бірлігін білдіреді. Шеруді шығармашылық ұжымдар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары жалғастырды. 

Астана әкімдігі
Іс-шара барысында «Royal beats» барабаншылар ансамблі, «Жошы» тобы, сондай-ақ Aro, Қуандық Рахым, Маржан Арапбаева, Ғазизхан Шекербек, Ақбота Керімбекова, Ayree, Мирас Жүгінісов және «Бәйтерек» тобы секілді өнер иелері концерт өткізді. 
Астана әкімдігі
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін еліміздің әр өңірінің киелі саналатын бұлақ көзінен торсық толы су жиналған болатын. Дәл осы су 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатының негізгі элементі болмақ. 
Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам адам қатысады. 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Бірлік керуені
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);