ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауында ең жиі қолданылған...

Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауында ең жиі қолданылған сөз қандай?

Билік 05.09.2025, 10:52 738
Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауында ең жиі қолданылған сөз қандай?
Сурет: Akorda.kz
2024 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм"" атты кезекті Жолдауын жариялады. Құжатта елдің саяси...

2024 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм"" атты кезекті Жолдауын жариялады. Құжатта елдің саяси бағыты, экономикалық реформалар, әлеуметтік мәселелер мен қауіпсіздік саласына қатысты маңызды шешімдер айтылды.

Aqshamnews.kz редакциясы Жолдаудың мәтінін саралап, Президент жиі қолданған сөзін анықтады. 

Талдау барысында ең жиі қайталанған сөз "қажет" екені белгілі болды. Бұл сөз Жолдауда 94 реттен астам қолданылған. Президенттің былтыр үкіметке бірқатар тапсырма жүктеді, сондай-ақ, азаматтарға да жауапкершілікті күшейту керегін айтты. 

Мағынасы жағынан ұқсас "керек" сөзі 84 рет қолданылған. 

Сонымен қатар "даму", "экономика", "әлеуметтік", "халық" сөздері де мәтінде ондаған рет кездескен. Бұл Жолдаудың негізгі акценті – экономикалық өсім мен әлеуметтік әділеттілік екенінің дәлелі.

  • Даму - 14 рет; 
  • Экономика - 32 рет; 
  • Әлеуметтік - 19 рет; 
  • Халық - 31 рет; 
  • Қазақстан - 43 рет қолданылған. 

Сөздердің жиілігін саралау кезінде "заң", "инвестиция", "білім" секілді ұғымдар да жиі кездесетіні байқалды. Президент елдің тұрақты дамуы үшін құқықтық жүйенің әділдігін арттыруды, бизнеске қолайлы жағдай жасауды, жаңа технологияларды енгізуді басты бағыт ретінде атап өткен.

  • Заң - 47 рет; 
  • Инвестиция - 21 рет; 
  • Білім - 15 рет  қолданылған. 

Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауы – елдің әлеуметтік-экономикалық өмірінде жаңа кезең бастайтын маңызды құжат. Қайталанған сөздер Президенттің басымдықтарын ғана емес, мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар мәселелерді де көрсетіп отыр.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев кезеңіндегі Жолдауларға тоқталған едік. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент ретіндегі алғашқы Жолдауы 2019 жылғы 2 қыркүйекте жарияланды. Ол қоғамдық диалогты күшейтуге және билік пен халық арасындағы байланысқа жаңа сипат беруге бағытталды.

         •        2020 жылғы Жолдау – пандемия кезіндегі дағдарысқа қарсы шаралар мен жаңа жағдайда бейімделу стратегиясы.

         •        2021 жылғы Жолдау – жүйелі реформалар, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, әлеуметтік теңдік мәселелерін көтерді.

         •        2022 жылғы қос Жолдау елдегі саяси реформалардың бастау нүктесі болды. «Жаңа Қазақстан» ұғымы алғаш рет саяси дискурсқа енгізіліп, әділетті мемлекет құру идеясы алға шықты.

         •        2023–2024 жылдардағы Жолдаулар экономикалық бағытты айқындап, заң мен тәртіпті күшейту, әділетті қоғам қалыптастыруды басты міндет ретінде белгіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.