AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жо...

Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Хабарлама 29.10.2021, 07:00 1,270
Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda.kz

Бүгін Түркияның  ұлттық мейрамы – Республика күні.


Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға жолдаған жеделхатында Түркияның  ұлттық мейрамы – Республика күнімен шын жүректен құттықтап, Қазақстан халқының және жеке өз атынан ізгі ниетін жеткізді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті бүгінде Түркияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағытта орасан табыстарға қол жеткізгенін, өңірлік және жаһандық маңызы зор мәселелерді шешудегі белсенділігі мен табандылығы арқылы әлемдік сахнада лайықты орынға ие болғанын атап өткен.


Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қуатты Анадолы елінің арманын арқалаған саясаткер Режеп Тайип Ердоғанның еңбегі әрдайым жемісті болуына тілектестік білдірген.



«Қазақстан мен Түркия арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы салалардағы стратегиялық әріптестігіміз болашақта өзінің жалғасын тауып, бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне кәміл сенемін. Сындарлы да мазмұнды екіжақты диалогымызды жалғастыру және серіктeстігімізге тың серпін беру жолдарын талқылау үшін жуық арада өзіңізбен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің  8-ші саммитінде жүздесуді асыға күтемін. Осы мүмкіндікті пайдаланып, қымбатты бауырым, Сізге сарқылмас күш-қуат, жауапты қызметіңізге толағай табыс, ал түрік ағайындарыма баянды өркендеу мен құт-береке тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Түркия #республика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);