AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев сынынан кейін бірнеше шенеунік жазаланды

Тоқаев сынынан кейін бірнеше шенеунік жазаланды

Билік 22.07.2025, 09:33 773
Тоқаев сынынан кейін бірнеше шенеунік жазаланды
gov.kz

Қазақстандағы курорттық аймақтарда жүргізілген тексерістерден кейін бірнеше шенеунік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл көлі маңындағы танымал туристік аймақтың демалушыларды қабылдауға дайындық деңгейінің төмен екенін Үкіметтің назарын аударған болатын. Мемлекет басшысы қажетті туристік инфрақұрылымның, сапалы қызметтің және қауіпсіздіктің жоқтығын атап өтіп, қысқа мерзім ішінде курорттарда тәртіп орнатып, кінәлілерді жазалауды тапсырды.

Президенттің сынынан кейін Бектенов вице-премьер мен министрді өңірлерге жіберді.

Кімдер жазаланды?

Тексеру нәтижесінде келесі лауазымды тұлғаларға тәртіптік шаралар қолданылды: Туризм және спорт саласын қадағалайтын вице-министр мен Алматы, Қарағанды, Абай және Жетісу облысы әкімдерінің туризмге жауапты орынбасарларына қатаң сөгіс жарияланды; Қонаев және Балқаш қалаларының, Алакөл және Мақаншы аудандарының, сондай-ақ кейбір ауылдық округ әкімдеріне сөгіс жарияланды; Кәсіпкерлік, туризм, қоршаған ортаны қорғау, сәулет және сауда салаларына жауапты облыстық басқарма басшыларына тәртіптік шаралар қолданылды;

Экология және табиғи ресурстар, денсаулық сақтау, қаржы, су ресурстары және ирригация, сауда және интеграция, көлік министрліктерінің өңірлік бөлімшелерінің басшылары да жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жергілікті тексерулер жүргізіліп жатыр.

Үкімет мәліметінше, осы тексерулер нәтижесінде туристік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі Жол картасы әзірленеді. Онда саладағы жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған алғашқы кезектегі шаралар белгіленеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алакөл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);