AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Тоқаев сенім грамоталарын қабылдады

Тоқаев сенім грамоталарын қабылдады

Саясат 24.01.2023, 11:35 1,580
Тоқаев сенім грамоталарын қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Ақорда резиденциясында төрт елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Мемлекет басшысына сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.


Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Сенім грамоталарын Швеция Корольдігінің елшісі Ева Ульрика Пулано, Грузияның елшісі Николоз Лалиашвили, Мьянма Одағы Республикасының елшісі Лвин У және Кипр Республикасының елшісі Кипрос Йоргаллис тапсырды.



Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты байланыстарды одан әрі нығайту жұмыстарына табыс тіледі. Мемлекет басшысы Қазақстанның достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізіп отырғанын айтты.



Мемлекет басшысы дипломаттардың игі миссияларын орындауы кезінде Қазақстан Үкіметі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.


Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге табыс тілеп, олардың мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #сенім #грамота
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);