AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Тоқаев қоры алданғандардың ақшасын қайтарады

Тоқаев қоры алданғандардың ақшасын қайтарады

Заң мен тəртіп 10.07.2024, 18:03 998 yakiya
Тоқаев қоры алданғандардың ақшасын қайтарады
интернет

Қазнетте инвестициялық және қаржылық алаяқтардың іс-әрекетінен зардап шеккендердің барлығына ақшаны қайтарып беретін Қор жарнамасы тағы да тарады. 

Бұл хабарламаға сенбеген жөн, оны Интернет-қылмыскерлер жасаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Бағдарламаны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев іске қосқан екен. «Мамандар» 72 сағат ішінде алдын ала төлемсіз 500 мың теңгеден қайтаруға дайын.

Жарнамада «Қазақстан халқына» қоры аталған. Бұл мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылдың қаңтарында құрылған ұйым. Алайда қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы проблемаларды шешумен айналысады. Ол алаяқтардан зардап шеккендерге көмектеспейді, оның алдына мұндай міндет қойылмаған.

Алаяқтар Қордың логотипі мен құрылымын қолдана отырып, ұқсас сайт жасаған. Бірақ мұқият қарасақ, порталдың жалған екендігін байқаймыз. Мұны домендік атауынан, мәтіндегі қателерден түсінуге болады. Сонымен қатар, портал тегін Tilda сайт құрастырушысының көмегімен әзірленген. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын жоғары білікті мамандар дайындайды. Олар бұл үшін тегін бағдарламаларды пайдаланбайды. Ресми парақшаларды жасағанда ең алдымен қауіпсіздікке баса назар аударылады, қарапайым сайт құрастырушысы мұны қамтамасыз ете алмайды.

Алаяқтардан зардап шеккен қазақстандықтарға ақшаны қайтаратын жаңа бағдарлама туралы ақпарат ҚР Президентінің ресми порталында жоқ.

«Жеке деректеріңізді қалдырмас бұрын барлық ақпаратты мұқият оқып шығыңыз және талдаңыз. Жалған сайттар алдап, ақшаңызды иемдену мақсатында жасалады. Сіздерді тек ресми хабарламаларға ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтардың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Күмән келтірген ақпаратты t.me/stopfakechatkz Telegram-арнасына жіберіңіз», делінген Stopfake.kz ақпаратында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #қор #фейк
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);