ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Тоқаев Нью-Йоркке барған сапарынан кейін Қазақстан...

Тоқаев Нью-Йоркке барған сапарынан кейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты

Билік 26.09.2025, 10:32 418
Тоқаев Нью-Йоркке барған сапарынан кейін Қазақстанның АҚШ-тағы елшісін қызметінен босатты
Gov.kz
Ержан Ашықбаев АҚШ-тағы елші қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Ержан Ашықбаев АҚШ-тағы елші қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Ержан Ашықбаев туралы не белгілі?

1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы.

2012 жылы Гарвард университетінің Дж. Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Төртінші департаментінің Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті.

Ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген.

І-сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар.

1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаментінің Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы.

2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы. 2005 жылғы наурыздан маусымға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.

2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Кеңсесінің жетекшісі. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.

2009-2011 жылдары Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2012 жылғы қыркүйектен қазанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары.

2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2013 жылғы желтоқсаннан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2021 жылдан бері Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.