AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің жаңа сайл...

Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің жаңа сайланған президентін құттықтады

Әлеумет 23.03.2025, 10:14 815
Тоқаев Халықаралық олимпиада комитетінің жаңа сайланған президентін құттықтады
IOC/Greg Martin

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кирсти Ковентриге Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды  aqshamnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан Президенті Зимбабве өкілінің спорттағы айтулы жетістіктерін және мемлекеттік қызметтегі бай тәжірибесін атап өтіп, оның халықаралық олимпиада қозғалысын дамытудағы қызметіне сәттілік тіледі», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Кирсти Ковентри 2013 жылы сайланған және 2021 жылы қайта сайланған Томас Бахтың орнына келді. Томас Бах 49 дауыс алса, Кирсти Ковентри 97 дауыспен көпшілік қолдауына ие болды.

Жаңа сайланған президент 2025 жылдың 23 маусымында Томас Бах өкілеттігін тапсырған соң қызметіне кіріседі. Сол кезге дейін қызметін атқара беретін Бах өкілеттігін өткізіп бергеннен кейін ХОК мүшесі ретіндегі қызметінен де кетіп, құрметті президент атанады.

Кирсти Ковентри - әлемдік жүзу спортының аңызы, жеті бірдей Олимпиада медалінің иегері. Ол өз елінің атын шығарып қана қоймай, спортты саяси мансабының бір бөлігіне айналдыра білді. Ол Зимбабве спорт министрлігін басқарды, ХОК-да жұмыс істеді және қазір халықаралық ұйымды басқаратын алғашқы әйел атанды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #Кирсти Ковентри #Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);