ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Тоқаев Бахрейн мен Конгодағы Қазақстанның жаңа елш...

Тоқаев Бахрейн мен Конгодағы Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады

Саясат 11.11.2025, 15:28 261
Тоқаев Бахрейн мен Конгодағы Қазақстанның жаңа елшілерін тағайындады
сурет: СІМ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттердегі Қазақстан елшілеріне қосымша өкілеттік беру жөнінде жарлық шығарды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттердегі Қазақстан елшілеріне қосымша өкілеттік беру жөнінде жарлық шығарды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Мадияр Смәділұлы Меңілбеков Қазақстан Республикасының Бахрейн Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. 

Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Конго Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Мадияр Меңілбеков - 1978 жылы Жамбыл облысында туған. Триполидегі «Исламдық дағуат» университетін және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ магистратурасын тәмамдаған. Дипломатиялық қызметін 2006 жылы бастаған. БАӘ-дегі елшілікте түрлі қызметтер атқарған, Дубайдағы Бас консул болған. Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.

Жан Ғалиев - 1972 жылы туған. «Болашақ» бағдарламасымен Страсбург пен Парижде халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару бағытында білім алған. Франция, Бельгия елшіліктерінде, ЮНЕСКО жанында жұмыс істеген. 2017–2022 жылдары Қазақстанның Франциядағы елшісі болды. Француз және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Жарлықтар күшіне енді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.