AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыны...

Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде бір топ адамды марапаттады

Билік 17.09.2025, 14:40 593 Сұлу
Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде бір топ адамды марапаттады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде бір топ адамды марапаттады, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев форумның бір топ қатысушыларына мемлекеттік наградаларды, Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын, Съездің құрмет медалін, сондай-ақ Ізгі ниет елшілерінің айрықша белгісін табыстады.

ІІ дәрежелі «Достық» орденімен Дүниежүзілік даошылар федерациясының төрағасы (ҚХР) Ли Гуанфу, Somaiya Vidyavihar университетінің президенті (Үндістан) Самир Шантилал Сомайя;

«Шапағат» медалімен Иран Ислам Республикасының Ислам мәдениеті және байланыстары ұйымының президенті Мухаммад Мехди Иманипур марапатталды.

Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілі, БҰҰ ислам фобиясымен күрес жөніндегі арнаулы өкілі Мигель Анхель Моратиносқа берілді.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің құрмет медалімен:

1. Мысыр Араб Республикасының бас мүфтиі Назир Мұхаммед Аяд;
2. Татарстан Республикасы Мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Камиль Самигуллин;
3. Тәжікстан Республикасы Улемдер кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзода;
4. Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог дикастериясының префекті Джордж Джейкоб Кувакад;
5. Минск және Заславль митрополиті, бүкіл Беларусь Патриархының экзархы Вениамин (Виталий Тупеко);
6. Израильдің бас ашкеназ раввині Кальман Бер;
7. Израильдің бас сефард раввині Давид Йосеф;
8. Бахаи халықаралық қоғамдастығының бас хатшысы Дэвид Рутштейн;
9. Дүниежүзілік буддашылар бауырластығының президенті Фаллоп Тайари;
10. Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының бас директоры Салим Мұхаммед әл-Малик;
11. Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев;
12. Діни және дәстүрлі бітімгерлер желісінің атқарушы директоры Мұхаммед Эльсаноуси;
13. Еуразияның еврей қауымын қолдау жөніндегі ұлттық коалицияның атқарушы вице-төрағасы, бас атқарушы директоры Марк Барри Левин;
14. Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер Альянсының директоры Нихал Саад;
15. Израильдің бас ашкеназ раввинінің өкілі Шломо Менахем Кук наградталды.

Ізгі ниет елшілерінің айрықша белгілерімен:

1. Исламабад халықаралық ислам университетінің Исламды зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия Уль-Хак;
2. БАӘ Толеранттылық және бейбіт қатар өмір сүру министрлігінің бас директоры Афра Әл Сабри;
3. Мартин Лютер Інжіл-Лютеран одағының бас хатшысы Михаэль Хюбнер;
4. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі Болат Сәрсенбаев марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #Тоқаев #Дін #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);