AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Толқын Забирова: Жаңа жыл – отбасы жылуы мен дәстү...

Толқын Забирова: Жаңа жыл – отбасы жылуы мен дәстүрлер мерекесі

Әлеумет 30.12.2024, 12:02 1,425 dulatbekova
Толқын Забирова: Жаңа жыл – отбасы жылуы мен дәстүрлер мерекесі
Сурет: ©instagram.com/tolkynzabirova

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Толқын Забирова Жаңа жылды қарсы алудағы отбасылық дәстүрлері мен балалық шақтан қалған естеліктерімен бөлісті.

– Жаңа жыл – бұл отбасы мерекесі. Сондықтан мен оны жақындарыммен, анаммен, жолдасыммен және үш баламмен бірге қарсы алуды жөн көремін. Бұл мен үшін ерекше сәт, өйткені Жаңа жылды отбасыммен бірге өткізу – баға жетпес қуаныш, – дейді әнші.

Бұрынғы жылдары мерекелік кештер мен концерттер әншіні отбасынан жырақта өткізуді талап еткен екен.

– Балаларым кішкентай болған кезде Жаңа жыл түнін мерекелік іс-шараларда өткізуге тура келетін. Бірақ уақыт өте келе, отбасының маңыздылығы арта түсті. Қазір мұндай ұсыныстардан бас тартып, бар назарымды жақындарыма аударуға тырысамын, – деп бөлісті ол.

Жаңа жылдық дастарқанның ерекшелігі

Толқын Забирова Жаңа жылда отбасылық дастарқанның ерекше орын алатынын атап өтті.

– Жаңа жылдық дастарқан – отбасымыздың маңызды дәстүрі. Біз әрдайым әдемі әрі мол дастарқан жасауға тырысамыз. Біздің үйде ер адамдар көп болғандықтан, тағамдардың алуан түрлілігі маңызды. Әсіресе, күйеуім мен кіші ұлым күркетауық етін жақсы көреді. Сондықтан Жаңа жылда күркетауық пісіру – біздің отбасы дәстүріміз, – дейді әнші.

Балалық шақтан қалған жарқын естеліктер

Толқын Забирова өзінің балалық шағында Жаңа жылды қарсы алу сәттерін сағынышпен еске алды.

– Біздің балалық шағымыз бүгінгі балалардың өмірінен әлдеқайда қарапайым болды. Бірақ сол шағын қуаныштар бізді бақытты ететін. Әсіресе, Жаңа жыл қарсаңында жертөледен алма алып шығу ерекше естелік. Біз бақшамызда өсірген алмаларды газеттерге орап, жертөлеге сақтайтынбыз. Ал сол алмаларды мереке күні алып шыққанда, олардың хош иісі үйді керемет жылулықпен толтыратын. Бұл балалық шақтың ең жарқын сәттерінің бірі еді, – дейді ол.

Жаңа жылдық тілек

Толқын Забирова барша қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады:

– Жаңа жыл – бұл жаңа үміттер мен армандарға толы ерекше мереке. Баршаңызға бақыт, денсаулық, береке тілеймін. Әр отбасының шаңырағы шаттыққа толсын. Елімізде тыныштық пен келісім орнап, әрбір адамның жүрегінде мейірім мен өзара түсіністік салтанат құрсын. Жаңа жыл тек жақсылық әкелсін! – деп түйіндеді әнші.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа жыл #мереке #тойлау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);