AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Той жасап, ысырапшылдыққа жол берсеңіз, айыппұл ар...

Той жасап, ысырапшылдыққа жол берсеңіз, айыппұл арқалайсыз

Әлеумет 29.01.2025, 10:45 1,330 Nursok82
Той жасап, ысырапшылдыққа жол берсеңіз, айыппұл арқалайсыз
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Енді той-томалақ пен жерлеу рәсімінде ысырапшылдыққа жол бергендер айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл заң құдай қосқан көрші Қырғыз Республикасында қабылданбақ. Шекаралас елдің Парламенті салт-дәстүр жоралғыларын, рәсімдер мен мерекелерді өткізу кезінде артық шығынды шектеу жолдарын ұсынып жатқанын жазыпты. Заң талаптарын бұзғаны үшін той, шара иесіне және мекеме иесіне айыппұл салу көзделген дейді. Заң жобасы қазір қоғамдық талқылауда екен. Онда отбасылық іс-шараларды реттеу үшін мынадай шаралар ұсынылыпты:

жерлеу кезінде ұсақ малды, жылқы немесе ірі қара малды союға жол берілмейді; 

марқұмды жерлеген соң үш күннен кейін бір жылқы немесе ірі қара мал сойып, Құран оқып, ас беруге рұқсат етіледі; 

3 күн, 7 күн, 40 күндігі және жылдық асын өткізуге тыйым салынады; 

тойға саны 250-ден аспайтын адам шақыруға және бір сиыр немесе жылқы союға рұқсат етіледі; 

«қыз ұзатуға» бір сиыр немесе жылқы сойып, 100 адамнан артық шақыруға болмайды; 

үйлену тойы мен қыз ұзатуды бірге өткізу кезінде бір сиыр немесе жылқы сойып, 350-ден аспайтын адам шақыруға рұқсат етіледі; 

үйлену кортежінде үш көліктен артық болмауы керек; 

жоғарыда аталған салт-жораларды, мерекелерді және салт-дәстүрлерді өткізу кезінде «киіт кигізу», «себет тарту» секілді басқа да осыған ұқсас ғұрыптарға қажетсіз шығын шығаруға тыйым салынады. 

Осы құжатқа бастамашы болғандар кейінгі кезде елде той-томалақ пен жерлеу рәсімдеріне байланысты халықтың төл әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне сәйкес келмейтін келеңсіз құбылыстар көбейіп кеткенін алға тартып, осының барлығы отбасы бюджетіне ауыр салмақ салып жатыр деген. Заң жобасы қабылдана ма, жоқ па — оны уақытында көреміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ысырап #Той #қыз ұзату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);