AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Тоғызқұмалақ федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауы...

Тоғызқұмалақ федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кірді

Спорт 20.10.2022, 17:00 1,759 Almaty-akshamy
Тоғызқұмалақ федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кірді
Сурет: Ашық дереккөз

20-28 қараша күндері әлем біріншілігі өтеді


2022 жылдың 20 қазан күні Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Меморандум аясында қазақстандық тоғызқұмалақ федерациясының Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына қосылуы туралы хабарланды. Сондай-ақ, екі ұйым арасындағы әріптестік тоғызқұмалақты дамытуды, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді көздейді.


Салтанатты рәсімге Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов пен Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясының президенті Әлихан Байменов қатысты.



«Бүгін қол қойылатын құжаттың мәнісі – Тоғызқұмалақ федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына қосылады. Енді бірлесе отырып, ұлтқа пайдалы талай жобаларды жүзеге асырамыз деп ойлаймын. Бұл кездесу – ұлттық спорт саласындағы үлкен өзгерістің басы. Білімді, ақылды, парасатты жастар – ұлт болашағы. Ал тоғызқұмалақ ойыны – жас ұрпаққа ұшқыр ойлауды, стратегиялық жоспарлауды және табандылықты үйретеді», - деді Исламбек Салжанов.



Өз кезегінде Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының басшысы Әлихан Байменов бұл басқосудың тоғызқұмалақты дамытудағы маңызын атап өтті:



«Ұлттық спорт түрі ретінде тоғызқұмалақты дамыту екі ұйымның да мақсатына кіреді. Ал осы істе күш біріктіріп, іс-қимылымызды, шараларымызды үйлестіріп өткізуден, бір-бірімізге қолдау көрсетуден ұтатын – тоғызқұмалақ», - деді ол.



Тараптар қараша айында Ақтөбеде өтетін тоғызқұмалақтан 6-ші әлем чемпионын абыроймен өткізу керектігіне тоқталды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов додаға қазақстандық спортшылардың дайындығын жетілдіру қажеттілігіне тоқталды.


20-28 қараша күндері өтетін әлем біріншілігіне Ұлыбритания, Чехия, Германия, Латвия, АҚШ, Колумбия, Антигуа мен Барбуда, Үндістан, Эфиопия, Румыния, Украина, Ресей, Қытай, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзербайжан мен Молдовадан 80-ге жуық спортшы қатысады деп күтілуде.


Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі. Тоғызқұмалақ туралы алғашқы мәліметтер ауыз әдебиетінде кездессе, бүгінгі күнге оның тасқа қашалған бейнесі жетті. Елімізде тоғызқұмалақпен айналысатындар саны 200 мыңнан асты, оның 9 мыңдайы – кәсіби спортшы.
Айта кетейік, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшылығы ауысып, И.Салжанов қауымдастық президенті лауазымына сайланғалы бері қауымдастық жұмысы жандана түсті.


Қазір Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамында Көкпар, Жамбы ату, Аударыспақ, Теңге ілу, Бәйге, Садақ ату сияқты федерациялар бар.


Қауымдастықтың ұйымдастыруымен осы жылдың қыркүйек айында еліміздің 19 өңірінен 95 шабандоз қатысқан «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесі өткізілді.


Өткен аптада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласында Дәстүрлі садақ атудан тұңғыш республикалық чемпионат өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тоғызқұмалақ #Ұлттық ойын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);