Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тоғжанов зейнет жасын төмендету мәселесін түсіндір...

Тоғжанов зейнет жасын төмендету мәселесін түсіндірді

Әлеумет 30.06.2022, 07:23 1,100
Тоғжанов зейнет жасын төмендету мәселесін түсіндірді
Сурет: 24.kz

Зейнет жасын төмендету мәселесі арнайы жұмыс тобында қаралып жатыр.


Үкіметте дәл осы мәселеге Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсыныстардың Қаржы министрлігіне жіберілгенін айтқан. Алайда Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзі басқарып отырған ведомствода бұл мәселе қаралмағанын мәлімдеді


Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнет жасын төмендету мәселесі арнайы жұмыс тобында талқыланып жатқанын мәлімдеді.


Айта кетері, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсыныстардың қаржы министрлігіне жіберілгенін айтқан. Мамандар барлық ұсынысты зерделеп, есеп-қисабын шығаруы тиіс.


Алайда Үкімет басшысының орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзі басқарып отырған ведомствода зейнет жасын төмендету мәселесінің қаралмағанын мәлімдеді.


Үкіметте дәл осы мәселеге Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауапты. Оның айтуынша, зейнет жасын төмендету мәселесі арнайы жұмыс тобында қаралып жатыр.



«Әлеуметтік кодекс аясында барлық ұсыныс талқыланып жатыр. Соның ішінде зейнет жасын төмендету мәселесі де бар. Жұмыс тобы құрылған», - деді Тоғжанов журналистерге берген сұхбатында.



Осы орайда вице-премьер әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесі әріптесінің құзіретіне кірмейтінін еске салды.



«Иә, ол да вице-премьер, бірақ басқа мәселелерге жауап береді. Оған тікелей мен жауаптымын», - деп атап көрсетті Тоғжанов.



Алайда қаржы министрлігі де зейнет жасын төмендету мәселесін талқылауға қатысып отырады. Тоғжанов әріптесі білмейтін нәрсені өзінен сұрауға кеңес берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зейнет #тоғжанов #Жас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.