AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / «Тобылғы жарған» амалы

«Тобылғы жарған» амалы

Керек кеңес 27.04.2023, 09:06 3,560 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
«Тобылғы жарған» амалы
almaty-akshamy.kz

Айдың 20–25-і күндері аралығында Сәуір амалы өтті. Даланың адал құстары: қаз-үйрек, т.б. жұмыртқа сала бастады. 28-29 сәуірде  суық жел соғып, ол 2-3 күнге созылады. Тобылғы мен қараған бүршігін жарады. Қариялар  бұл амалды «Тобылғы жарған» дейді. Тобылғының бүршік жаруымен бірге, өсімдік тамыр жаяды (солтүстік өңірде), көк шығады, табиғат жасыл түске енеді. «Тоң кетті, тобылғы бүршік жарды» деп малшылар қуанады. Қазір осы амал жүріп жатыр...  


Тобылғы – раушан гүлдiлер тұқымдасына жататын көп жылдық бұта. Бүгінде Қазақстандағы далалы, таулы жерлерде өсетін 10 түрі бар. Тобылғыны бабаларымыз көптеген ауруларды емдеу үшін пайдаланған. Тобылғының тұнбасымен іріңді жараны жуып, тазалағыш ретінде де қолданған. Бұл тәсіл медицинада әлі қолданылып келеді. Тобылғы  шәйін жүрек, бас ауырғанда, жүйке жүйелері шаршаған кезде ішіп отырған.


Айдың соңына қарай дала тасбақасы қысқы ұйқысынан оянып, жер бетіне шығады. Осы кезде бірнеше күн қатарынан шаңды, боранды қатты жел соғады. Ол «Тасбақа дауылы» деп аталады. Қысқы ұйқысынан оянған әлсіз тасбақа сауытының үстінде қалған құм, топырақты өздігінен түсіре алмайды, сол соғатын дауыл ұшырып әкетеді. Міне, табиғаттың  кереметі деген осы емес пе?



Үш күннен кейін  амалы көп, қарбаласы мол мамыр айы табалдырықтан аттайды. Мал төлдеп, көген кеңейіп, өріс кеңейіп, жаңа тіршілік жар салады. Қой қырқу, жылқы күзеу, түйе жүндеу, бие байлау дегендей, қым-қуыт тіршілік басталады. Құстардың ұя салып, жұмыртқасын шайқауы, балапанын шығаруы осы айдың еншісінде. Еліміздің оңтүстік аймақтарында дала, егіс жұмыс­тары қарқын алады. 



Мамыр сөзі көне түркі тілінде – тоқшылық, қоңдану ұғымын білдіреді екен. Мамырда  адамның ерні аққа тиеді, сүт көбейеді әрі қоюланып, майлылығы артады. Сәуірді «көк ішек айы» деген бабаларымыз мамырды «май ішек» деп атауы тегін темес.


Қазақы пайымның айтуынша, сәуірдің соңы мен мамырдың басында (27 сәуір мен 4 мамыр аралы­ғында) Алматыда ауа райы құбылмалы болатын сыңайлы. Жауын-шашын көбейеді, дүркін-дүркін екпіндетіп жел тұруы, найзағай ойнауы ғажап емес. Бірақ күн жылылығын сақтайды.


Қазір Алматыда жеміс ағаштары түгелдей гүлдеп, жайнап тұр. Өрік пен шие түйнек сала бастады. Ару қала сан алуан гүлдерімен, толассыз тіршілігімен ерекше құлпыра түсуде. Көктем шыққанша алда әлі бірқатар амалдар барын ұмытпаған жөн. «Қызыл жұмыртқа», «Саратан-зауза», «Құралайдың салқыны» амалдары кезек күтіп тұр. Жаңа айдың үшінші жаңасын көрдік. Кеудесі көтеріліп, жайласып жатыр. Мұндайды қазақ  «өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» деген...


 


Мамыр айының алғашқы онкүндігіне  арналған бабалар болжамы:


*Торғай ерте жұмыртқаласа, күн ерте жылынады.


*Күн көп күркіресе, егін, шөп мол шығады.


*Құр мен шіл құрқылдап пана іздесе, ұзамай боран  баста­латынын білдіргені.


*Қырғауыл мазасызданып, қатты айқайласа,  жер сілкінетін көрінеді…


*Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауынды болады деп күткен жөн.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #болжам #Дәстүр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);