AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ТЖМ су тасқынының туындау себептерін атады

ТЖМ су тасқынының туындау себептерін атады

Әлеумет 20.03.2023, 18:31 975 Almaty-akshamy
ТЖМ су тасқынының туындау себептерін атады
Сурет: Ашық дереккөз

Зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері дайын


Елімізде көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алу және күресу шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Су тасқыны қаупіне байланысты мемлекеттік құзырлы органдардың қатысуымен республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істеп тұр. Су тасқынына байланысты ескерту туралы 5 397 СМС-хабарлама және «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 884 хабарлама жіберілді. Жедел желіге ақпараттық сипаттағы 350-ден астам қоңырау түсті. Су тасқынын тудырған негізгі себептер – су өткізу арналарының болмауы, арықтардың, елді мекендер маңындағы қорғаныш үйінділерінің зардап шегуі. Сол сияқты кенттерде арық жүйесінің болмауы, өзен арналарының толып кетуі мен шөгуі және тұрғын үйлерді су қорғау белдеулеріне жақын маңда салу да себеп», - деді ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин ОКҚ-де өткен брифингіде.



ТЖМ өкілі келтірген ақпаратқа сәйкес, су тасқыны қаупінің алдын алу және күресу үшін 35 мыңнан астам адам (35 945) және шамамен 11 мың бірлік техника ұйымдастырылды.



«Төтенше жағдайда мамандар мен құралдарды жедел тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау үшін «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелері дайын. Одан бөлек, Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері де құтқару операцияларына қатысуға бекем отыр», - дейді ол.



Сондай-ақ, Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы келесі қауіпсіздік ережелерін еске салды:


- Төтенше жағдайлар қызметі және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын орындау;


- үй аумағын қардан уақытылы тазарту;


- инертті материалдарды және қаптарды алдын ала дайындау;


- жергілікті атқарушы органдарынан эвакуациялау пункттерін және оған жетудің жолын білу;


- үйлердің жанында орналасқан арықтар мен су өткізу құбырларын тазарту;


- су қоймаларында балаларды қараусыз қалдыруға болмайды, әсіресе, мұз еріп жатқанда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су тасқыны #ТЖМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);