ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / ТЖМ-гі жемқорлықтың 70%-ы басшыларға тиесілі

ТЖМ-гі жемқорлықтың 70%-ы басшыларға тиесілі

Заң мен тəртіп 23.08.2023, 13:48 1,129
ТЖМ-гі жемқорлықтың 70%-ы басшыларға тиесілі
Сурет: интернеттен
Сыбайлас жемқорлық фактілері Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында да тіркелді.

Сыбайлас жемқорлық фактілері Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында да тіркелді.


ТЖ министрінің айтуынша, қылмысқа барғандар үздік қызметкерлер қатарынан болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Төтенше жағдайлар министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың 70 процентін бөлімше басшылары жасаған, деп мәлімдеді Антикор.


ТЖМ басшылығымен өткен кеңесте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағали Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы сыбайлас жемқорлыққа баратынын мәлімдеді.



"Соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелген. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары еліміздің барлық өңірінде жасалған. Басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қостанай және Алматы облыстарында", - делінген Антикор мәлімдемесінде.



Ведомство әшкереленген қылмыстардың ішінде парақорлық пен жымқыру фактілері басым екенін атап өтті. Заңсыз сыйақы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру актісіне қол қою кезінде, оқудан өткізу, рұқсат беру және жұмысқа орналасу үшін беріліп отырған.


Антикор төрағасының айтуынша, жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға қарамастан, ТЖМ қызметкерлері пара алудан тыйылар емес.



"Күні кеше Жетісу облысында жергілікті ТЖ бөлім басшысы жұмысқа алған адамнан ақша алғаны анықталды. Бүгінгі іс-шараның өтетінін біле тұра, сонда да қылмысқа барып отыр. Бұл орайда профилактикалық тұрғыда нақты әрекет ету қажет. Қызметкерлердің мінез-құлқын түзетіп, психологиялық көзқарасын өзгерту маңызды", - деп мәлімдеді Жұмағали отырыста.



Бұған дейін Антикор ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Шымкент қаласы және Жетісу облысы департаменттері басшыларын ұстаған еді. Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды, тексерілетін ұйымдарды келісімшарт жасасу жолымен қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеп, олар бойынша уақтылы ақы төлеуін қамтамасыз етті деген күдікке ілінді.


ТЖ министрі ведомство сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін түбегейлі қадамдар жасайтынын мәлімдеді.



"Бұл біздің қызметкерлер үшін жаға ұстатарлық жағдай. Аталған адамдар белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген үздік қызметкерлердің қатарынан болатын. Дегенмен осы жағдайда олардың біз білмеген теріс қасиеті – екіжүзділігі әшкереленді. Айтылып өткен деректерге қатаң сынмен қараймыз. Бұдан біз тиісті сабақ аламыз, қарапайым өрт сөндірушілер бізге сеніммен қарауы керек" - деді Сырым Шәріпханов.



Антикор ТЖ министрлігіне жеке құрам арасында жүргізілетін алдын алу жұмыстарын күшейтуді ұсынды.



"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіп, проблемалық учаскелерді зерделеу, сондай-ақ ведомствоның барлық қызметкерін адалдық тұрғысында тексеруді апробациялау қажет" - деді Асхат Жұмағали.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,253 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.