ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ТЖМ еліміздің аумағында өрт және өнеркәсіптік қауі...

ТЖМ еліміздің аумағында өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда

Әлеумет 10.06.2025, 17:51 533
ТЖМ еліміздің аумағында өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда
Сурет: Gov.kz
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында елдегі өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ағымдағы жағдайды, сондай-ақ өндірістегі...

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында елдегі өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ағымдағы жағдайды, сондай-ақ өндірістегі қызметкерлердің жарақаттануы мен қаза болу деңгейін азайту жөніндегі шаралары туралы баяндама жасады.

Биылғы жылдың басынан бастап нысандарда 16 мыңға жуық тексеру (15 996) жүргізілді, олардың нәтижесінде 105 мыңнан астам бұзушылық анықталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтар үшін 7 957 нысанның қызметі тоқтатылды, оның 95%-ы өрт қауіпсіздігі саласы бойынша.

Министр негізгі бұзушылықтар өрт автоматикасы жүйелерінің болмауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі, оқытылмаған қызметкерлерді жұмысқа жіберу, сондай-ақ эвакуациялық шығулардың бітелуі екенін атап өтті.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына да баса назар аударылды. Мұндай бұзушылықтарға байланысты жұмысты тоқтата тұру саны өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсті (92-ден 418-ге дейін). Тек қаңтардан мамырға дейін 11 авария және 60-тан астам оқиға тіркелді, салдарынан 22 қызметкер зардап шекті, 15 адам қаза тапты. Жазатайым оқиғалардың негізгі себептерінің бірі техникалық жабдықтың тозуының жоғары дәрежесі болып қала береді.

Осы мәселені жүйелі шешу үшін Министрлік қауіпті өндірістік объектілер иелерінің ведомствомен келісуге жататын жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын жасау міндетін заңнамалық тұрғыдан бекітуге бастамашылық жасады. Тиісті заң жобасы Парламент Сенатында қаралуда.

Қосымша әрбір қауіпті өндірістік объектіде өндірістік бақылаудың дербес қызметі құрылатын болады. Министрлік осыған байланысты нормативтер әзірлейді, бұл жергілікті жерлерде бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде цифрлық жүйелерді енгізуді қоса алғанда, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы шараларды дамыту жоспары іске асырылуда. Қарағанды облысында пилоттық режимде кеншілерді позициялау және газдану мониторингі жүйелері тестілеуден өтуде, бұл ТЖ-ға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Министр сөзін қорытындылай келе, Министрлік бұдан былай да заманауи тәсілдерді енгізіп, қадағалауды күшейте отырып, өндірістік жарақаттануды және жұмыскерлердің қаза болуын азайту жөніндегі мемлекеттік саясатты дәйекті түрде іске асыратынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.