AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ТЖМ басшысы жер сілкінісіне төтеп бере алмайтын үй...

ТЖМ басшысы жер сілкінісіне төтеп бере алмайтын үйлерді атады

Әлеумет 05.04.2023, 17:02 944
ТЖМ басшысы жер сілкінісіне төтеп бере алмайтын үйлерді атады
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанда жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда жұмыс істейтін құрылыс салушыларға қойылатын стандарттар мен талаптар күшейтілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Депутаттардың сұрағына жауап бере отырып, министр Түркиядағы жағдай көптеген елде сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін қайта қарау қажеттілігін туғызғанын атап өтті. Соның ішінде Қазақстанда.



«Қазақстанда 40 пайыздан аса аумақ жер сілкінісі түріндегі табиғи апаттарға бейім. Бақытымызға орай, өткен ғасырда бұл аумақта жойқын жер сілкінісі болған жоқ», - деді Ильин Мәжіліс отырысында.



Министрдің айтуынша, Қазақстанда сейсмикалық аймақтардағы құрылыс нормалары күшейтілген.



«Қазақстан жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда жобалау және құрылыс нормаларын күшейтті. Оларды бұлжытпай орындау жобалық ұйымдардың, құрылыс салушыларының міндеті, құрылыстың сапасына көбіне солар жауапты. Тек ірі қалаларға ғана емес, сондай-ақ ешбір стандарттарға жатпайтын, тиісінше, жойқын жер сілкінісіне төтеп бере алмайтын кірпіштен салынған ғимараттар мен тұрғын үйлер жиі қолданылатын елді мекендерге де назар аударған жөн. Сондықтан мұнда ауқымды қаржылық инвестицияларды қажет ететін жұмыс ауқымы кең», - деді министр.



Бұл ретте басқарма басшысы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты ұзақ жылдар бойы «жер сілкінісін болжау және мониторингті дамыту мәселелерінде іс жүзінде дұрыс қаржыландырылмағанын» атап өтті. Дегенмен, қазір 30-дан аса станция институтқа берілді, бұл «жер сілкінісі қаупін егжей-тегжейлі талдауға көмектеседі».



«Біз Түркиядағы жұмысқа толық сараптау жүргіздік, салынған нысандардың сапасы көп жағдайда стандарттарға сәйкес келмеді. Көбінесе бетон оңай ыдырап, арматураның орнына қарапайым темірлер мен сымдар болды, ол төтеп бере алмайды. Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі жер сілкінісіне төзімділікті анықтау жобасына бастамашы болды. Менің ойымша, бізде жеткілікті бай тәжірибе бар, инфрақұрылым мен мамандар бар, бұл ҚазҚСҒЗИ бөлімшесі, Алматыда орналасқан. Оларда кез-келген ғимараттың сапалық жағдайын егжей-тегжейлі анықтауға мүмкіндік беретін аспаптық талдау бар. Сонымен қатар, әкімдік сарапшыларды тартуды қарастырады, талдау неғұрлым егжей-тегжейлі және 100 пайыз сапаға сәйкес болуы үшін Жапониядан мамандарды тарту мәселесі қарастырылып жатыр», - деп қосты Юрий Ильин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жер сілкінісі #төтеп беру #ҚазҚСҒЗИ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);