AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ТЖМ адамдарды өрттен құтқарған екі оқушыны марапат...

ТЖМ адамдарды өрттен құтқарған екі оқушыны марапаттады

Әлеумет 31.01.2023, 03:10 969 Almaty-akshamy
ТЖМ адамдарды өрттен құтқарған екі оқушыны марапаттады
Сурет: Ашық дереккөз

Жігіттер нағыз батылдық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алды.


Төтенше жағдайлар министрі өрттен екі адамды құтқарған қарағандылық оқушылар –  Ерасыл және Қанат Смағұловтарды және олардың көршісі Руслан Түсіповті «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Салтанатты марапаттау шарасы ағайынды Смағұловтар оқитын №12 мектепте өтті. Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Бекбосынов батырларға ведомстволық медальдар мен естелік сыйлықтарды оқушылар мен педагогтардың қатысуымен өткен жиында табыс етті.


Өз кезегінде облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова оқушыларға Білім министрінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын тарту етті.



«Жігіттер нағыз батылдық танытып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Бұған бәрі бірдей батылдық таныта алмайды, бұл ерлік пен шешімділікті қажет етеді. Балаларын дұрыс тәрбиелеген батырлардың ата-аналарына алғыс айтамыз», – деді Нұрлан Бекбосынов.



Еске салайық, 23 қаңтарда Жеңіс көшесінде тұрғын үйге бекітілген қазандықта өрт шықты. Көрші үйде тұратын Ерасыл мен Қанат Смағұловтар қарт көршілерге аулаларын қардан тазартуға көмек көрсетіп жатқан болатын. Олар қазандықтан шыққан түтінді көріп, көмекке ұмтылған. Ағайындылар екі зейнеткерге үйден шығуға көмектесті, олардың бірі – балдаққа сүйенген қарт. Балалар киім-кешек пен құжаттарды да шығарып үлгерді. Көмекке көршілері Руслан Түсіповті шақырған. Өрт сөндірушілерге де хабар берген. Құтқарушылар жеткенше жалынды қолға түскен заттармен сөндіруге кіріскен.


Кейін екі оқушыға Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алғыс айтқан болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Марапат #құтқару #ТЖМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);