Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ТЖМ 2025 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды іск...

ТЖМ 2025 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша барлық өңірлердің дайындығын тексерді

Әлеумет 09.12.2024, 17:40 653
ТЖМ 2025 жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру бойынша барлық өңірлердің дайындығын тексерді
Cурет: ТЖМ

Тексеру іс-шаралардың басым бөлігі облыстық инженерлік жұмыстар жоспарлары шеңберінде жүзеге асырылатынын анықтады.

Жоспарланған іс-шаралардың жалпы саны 1258, оның ішінде 923-і немесе 73%-ы орындалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мәселен қорғаныс бөгеттері мен біліктерін салу және нығайту, су бұру арналары мен арықтарды орнату, нөсер жүйесін салу, су өткізу құрылыстарын жайластыру және ауыстыру, ГТҚ-ны ағымдағы жөндеу жұмыстары және басқа алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта өңірлерде 275,1 км қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды, жөнделді және нығайтылды, 92,07 км дренаж жүйелері жөнделді және салынды, автомобиль және темір жолдардың астына 518,65 км су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды, 194,67 км каналдар мен 228,5 км арықтар салынды, 38 ГТҚ ағымдағы жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды. Өзен арналарының учаскелерінде 65,6 км жағалауды нығайту, 182,75 км түбін тереңдету, 111,7 км түзету, 166,6 км тазарту жұмыстары жүргізілді.

Қарағанды қаласында ұзындығы 17 110 метр нөсер жүйесі қалпына келтірілді, оның ішінде 8420 метр жабық, 8690 метр арық жүйесі. Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының шетінде ұзындығы 2 шақырымнан асатын айналма арнаны, 529 метр нөсер коллекторларын орнату және кіші Бұқпа өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жалғасуда.

  «Бұл іс-шаралар еріген қар суынан туындаған проблемаларды барынша азайтуға мүмкіндік береді», - деп Қарағанды облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев атап өтті. 

Жетісу облысында Көксу өзенінің арнасын жағалауды нығайту, түбін тереңдету және түзету жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар Балпық би және Қаратал ауылдарын су басу қаупін болдырмауға, сондай-ақ «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожол көпірін жууға бағытталған.

  «Бұл жоба 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындықтың маңызды қадамы болып табылады, өңірдің халқы мен стратегиялық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деп Жетісу облысы ТЖД бастығы Нұрлан Бекбосынов айтты.

  Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖМ #су тасқынына қарсы #іс-шаралар #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.