Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Әлеумет 12.05.2023, 11:15 1,387
ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
Сурет: Bilim-all.kz

Ертең Алматыда найзағай жарқылдайды.


ТЖД Алматы тұрғындарына найзағай жарқылдауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде Алматыда сенбі, 13 мамырда найзағай болжанғаны туралы хабарлады.



"Алматыда көшпелі бұлт шығады. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 3-8 метр жел соғады, найзағай кезінде екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +24. + 26°С", - деп хабарлаған еді синоптиктер.



Департамент алматылықтарға найзағай кезінде не істеу керек екенін айтты.


Пәтерде, үйде, ғимаратта



"Егер найзағай кезінде үйде болсаңыз, электр сымдарынан, антенналардан аулақ болыңыз. Терезелерді жабыңыз, теледидарды, радионы және басқа электр құралдарын өшіріңіз, металл заттарға қол тигізбеңіз", делінген Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.



Көлікте


Алматы тұрғындары найзағай жарқылдағанда көлікте болса, оны тастамай, терезелерді жауып және радио антеннаны түсіріп, сонымен қатар көлік жүргізуді тоқтатуы керек. Ауа райының қолайсыздығын жол жиегінде немесе ағаш жоқ жердегі тұрақта күтуге кеңес беріледі.



"Биік жерде немесе ашық жерде тұрмаңыз, найзағай қоюйын көлікте күтіңіз. Қолайсыз ауа-райында көлікке жанармай құюға болмайды. Көлік арасына немесе көліктің артына отырмаңыз, астына тығылмаңыз. Металл заттарға отырмаңыз және металл заттарды қолмен ұстамаңыз", деп ескертті Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.



Сонымен қатар ведомство мұндайда велосипед пен мотоциклдің қауіпті болуы мүмкін екенін атап өтті. Оларды жерге жатқызып, кемінде 30 метр қашықта қозғалу керек.


Далада



"Егер сыртта болсаңыз, есіңізде болсын: найзағай кезінде жүгіріп, әбігерленбеңіз, үрейленбеңіз. Барлық металл әшекейлеріңізді (сақина, сырға, білезік) шешіңіз", - деп кеңес берді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.



Бұл ретте алматылықтарға электр желілеріне немесе биік ағаштарға жақындамауға, темір қоршауға, болат құбырларға, рельстерге, басқа да электр өткізгіштерге жақын тұрмауға кеңес берілді.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, синоптиктер Қазақстанда 13 мамыр, сенбі күні ауа райы тұрақсыз болатынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ТЖД #найзағай #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.