AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ТЖ кезінде алматылықтардың жиналу нүктесін көрсете...

ТЖ кезінде алматылықтардың жиналу нүктесін көрсететін қосымша әзірленеді

Әлеумет 08.12.2022, 07:42 1,128
ТЖ кезінде алматылықтардың жиналу нүктесін көрсететін қосымша әзірленеді
Сурет: Egemen.kz

Түсіндіру жұмыстарына қаражат бөлінгені айтылды. 


Алматыда төтенше жағдай кезінде «жиналу нүктелері» қайда орналасқан? Бұл сұраққа қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында жауап берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кездесу барысында аудан тұрғыны төтенше жағдай кезінде халық жиналатын орындар бойынша сұрақ қойды. 



«Мен «Самал-2» шағынауданында бес қабатты үйде тұрамын. Біз жақта оқу-жаттығу болған кезде, қайда барарымызды білмей қалдық. Себебі, айналамыз толған құрылыс нысандары. Қауіпті жағдайда ешқайда қашып құтыла алмайсың. Ғимараттарда ешқандай белгі жоқ. Шағынаудан тұрғындарымен кездесулер болған жоқ»,- деді қала тұрғыны. 



Алматы әкімі Ерболат Досаев бұл мәселе бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарына қаражат бөлінгенін айтты. 



«Қаланың ескі картасында бүгінгі жаңа ғимараттар жоқ. Сондықтан қаладағы жаңа құрылыстарды ескере отырып, Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, қаланың Бас жоспарындағы барлық «жиналу нүктелерін» қайта қарадық. Жалпы, біз түсіндіру жұмыстарына қаражат бөлдік. Алдағы уақытта тиісті кестелер қала әкімдігі, ТЖД сайтында жарияланады. Сондай-ақ келесі жылдың алғашқы жартысында төтенше жағдай кезінде «жиналу нүктелерін» көрсетіп тұратын мобильдік қосымша іске қосылады деп ойлаймын. Көрсеткіш белгілер үшін де қаражат бөліп, орнату керек»,- деді Ерболат Досаев.



Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков зардап шеккен халықты қабылдау пунктерінің саны 545-ке артқанын жеткізді. 



«Келесі жылы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, сонлай-ақ әрбір қала тұрғыны төтенше жағдай кезінде қажетті бағытты көре алатын мобильдік қосымша әзірлеуді жоспарлап отырмыз»,- деді Ерлан Әлібеков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тж #Ескерту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);