ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Тісіңізді жиі тазалатасыз ба?

Тісіңізді жиі тазалатасыз ба?

Керек кеңес 01.11.2024, 17:51 561
Тісіңізді жиі тазалатасыз ба?
ult.kz
Еліміздегі ең танымал жұлдыздардың тіс дәрігері, білікті маман Айгерім Аманқосқызы халық арасында тіс күтіміне қатысты көптеген жаңсақ пікірлер бар екенін айтады. Ең көп тараған жалған...

Еліміздегі ең танымал жұлдыздардың тіс дәрігері, білікті маман Айгерім Аманқосқызы халық арасында тіс күтіміне қатысты көптеген жаңсақ пікірлер бар екенін айтады. Ең көп тараған жалған ақпараттардың тізімін осында жариялап, халыққа дұрыс ақпарат беруді жөн көрдік, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Стоматологияда да ойдан шығарылған қағидалар жетерлік. Оларға елдің жатып алғаны соншалық, дәрігердің өзін оқытып тастайтын пациенттер болады. 

Солардың ішінде ең-ең деген 5 түріне тоқталамыз. Миф пен ақиқаттың ара жігін ажыратып алыңыздар

Миф №1: Тіс өңезі (налёт)  эмальды қорғайды

Көпшілік тісті қаптап тұратын өңез (налёт) — тіс эмалін бұзылудан сақтайтын жабынғы деп есептейді. Шын мәнінде ол — бактериялардың жинақталған шоғыры. 

Тіс дәрігерінің кеңесі:

Мұндай налёт уақытылы тазаланбаса, ол қаққа айналады. Уақыт өткен сайын қабатталып, қатайып, зиян бактериялардың ошағы ашылады. Бактериялар ауыз қуысын, тіпті ағзаны улауға көшеді. Салдарынан қызыл иек қабынып, шөгеді. Осы кезде тіс түбірі ашылып қалады, тіс түбірінің сезімталдығы оянып, бекемдігі жойылады. Ендеше кариестермен көрісуге дайындала беріңіз

Миф №2: профқұралдар мен электр щеткалары эмальды жояды

Бұл құралдарды көпшілік эмальдың өшіргіші деп қабылдайды. Алайда ол қате түсінік. Кәдімгі щеткамен тіс тазалауды көп адам дұрыс білмейді. Тіс түбірінің қиылып,  желініп кетуі - щетканы дұрыс бағыттамау мен күш салып отырып жуу салдары.
Ал  "профчисткада" тіс дәрігері ондай олқылықтарға жол бермейді. Сондай-ақ, маман таңдап берген кәсіби тіс щеткасы дұрыс бағыт, қозғалыс пен қажетті күшті өзі таңдайды👍🏻

Тіс дәрігерінің кеңесі:

Әр пациенттің ауыз қуыс гигиенасын сақтау процедуралары жеке-дара тағайындалуы керек. Бұл - тіс және ауыз қуысының саулығын қамтамасыз ететін емдік және профилактикалық міндетті шара. 

Аузы, тісі бар адам кемінде әр 3-4 айда 1 рет  кәсіби тазартудан өтуі тиіс.


Миф №3: кәсіби тіс тазалаумен тіс ағарып кетпейді

Шыныңызды айтыңызшы,  сіз де "профчистка" бос шығын, одан тіс ағармайды деп  сеніп келдіңіз ғой 

Тіс дәрігері Айгерім Аманқосқызы не дейді?

Әр адамның эмалінің табиғи түсі әртүрлі реңде болады. Күнделікті кофе, шай, түрлі  бояуыштар қосылған сусын, тағамдардың әсерінен тіс реңі өзгереді.

Кәсіби тазалау кезінде тісті қаптап тұрған налёт жабындысы жуылады. Табиғи рең ашылады. Оның еш зияны жоқ, керісінше өте пайдалы. Бұндай процедура әр адамға міндет. 

Миф №4: кәсіби тазартудан соң тіс сезімтал болып қалады

Иә, дәл солай. Бірақ, тазалау эмальді жуып, кетіріп тастауының  кесірінен емес. Керісінше.
Кәсіби тазалау процедурасында тісте қабатталып қалған қақ, жинақталған тастар жуылады. Бұл орындар ашылған соң, сол аймақтардың сезімталдығы оянады. Мұндай дискомфорт шамамен 1 аптада толық тоқтайды. Міне, көпшіліктің шатасатын тұсы - осы.

Тіс дәрігерінің әрекеті:

Тіс тазалап  болған соң тіске фторлы препараттар жағылады. Үй күтімі үшін пациентке қабынуға қарсы, "өткір" емес тіс пастасы мен ауыз шаюға арналған құралдар тағайындалады.
 

Миф №5: брекет киіп жүргенде кәсіби тазарту процедурасын жасауға болмайды

Бұл брекет конструкциясын бұзады, өзгертіп жібереді деп түсінеді көпшілік. Осындай қорқыныш себепті профчисткаға мүлде бармайтындар да бар.

Ендеше тіс дәрігерін кеңесі мынадай:

Брекет киіп жүрген пациент кемінде 3 айда бір рет кәсіби тазартудан өтуі тиіс. Үйде қанша жерден тазаладым дегенмен, брекет тұрған аймақтарда қуыс-бұрыштары дұрыс тазаланбай қалып қояды. Кариес пен түрлі бактерияға дайын бола беріңіз сосын.
Ал күнделікті күтім үшін арнайы ирригатор сатып алған дұрыс

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.