AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Тіркелмеген азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақы тө...

Тіркелмеген азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақы төленбеуі мүмкін

Әлеумет 05.09.2025, 10:52 881
Тіркелмеген азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақы төленбеуі мүмкін
Сурет: Astanatv.kz

Мониторинг кезінде зейнетақы мен жәрдемақы алып жүрген 100 мың 103 адамның тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелмегені анықталған, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстанда тұрғылықты тіркеуі жоқ азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу тоқтатылуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік кодекске міндетті әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты реттеуші саясаттың консультативтік құжатын әзірледі.

Әлеуметтік кодекске сәйкес, ел аумағында тұрақты тұратын Қазақстан азаматтарына, қандастарға және шетелдіктерге зейнетақы мен жәрдемақы төленеді. Алайда мониторинг кезінде зейнетақы мен жәрдемақы алып жүрген 100 мың 103 адамның тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелмегені анықталған. Ал 28 мыңнан астам адамның уақытша тіркеуі ғана бар.

Осыған байланысты министрлік мемлекеттік органдардың ақпараттық базасында тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуі жоқ азаматтарға зейнетақы мен жәрдемақыны төлеуді уақытша тоқтата тұруды ұсынып отыр. Ведомство бұл шара бюджет қаражатын үнемдеуге оң әсер етеді деп санайды.

Сонымен қатар Еңбек министрлігі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, мысалы қарттар үйінде тұратын және түрмеде отырған адамдардың зейнетақысы мен жәрдемақы төлемін уақытша тоқтатуды жоспарлап отыр. Өйткені мемлекет оларды асырауға онсыз да көп ақша жұмсайды, оның үстіне зейнетақысы мен жәрдемақысын төлейді. Ал бұл мемлекеттің бюджетіне ауыр салмақ салады дейді ведомство.

Министрлік осы нормаларды ұсынар алдында халықаралық тәжірибені зерттеген.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрдемақы #тіркеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);