ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Тілді текетірес пен ерегестің қаруына айналдыру бі...

Тілді текетірес пен ерегестің қаруына айналдыру бізге әбүйір әпермейді - Ермұрат Бәпи

Билік 04.02.2026, 10:35 134
Тілді текетірес пен ерегестің қаруына айналдыру бізге әбүйір әпермейді - Ермұрат Бәпи
parlam.kz
Тілді текетірес пен ерегестің қаруына айналдыру бізге әбүйір әпермейді

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи конституциялық реформаларға қатысты қоғамда айтылып жүрген сыни пікірлерге тоқталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Мәжілістің отырысында сөз сөйлеген депутат Ермұрат Бәпи мұндай ауқымды саяси өзгерістер кезінде депутаттардың үнсіз қалуы - ертең сынға ұрындыратын жауапсыздық болатынын айтты.

Депутат өз сөзінде қоғамда кейінгі алты айда ұсынылған конституциялық өзгерістерге байланысты әлеуметтік желілерде айтылып жүрген сынды атап өтті. Ол сын айту - демократиялық қоғамның құндылығы екенін мойындай отырып, дәл осы мүмкіндіктің өзі бұрынғы авторитарлы кезеңде болмағанын еске салды.

"Назарбаев дәуірінде демократиялық тынысы тұншығып тұрған қоғам дәл осы құндылықтардың арқасында бүгін еркін пікір айтып отыр. Мұны да бағалай білуіміз керек", - деді Ермұрат Бәпи.

Депутат ұлттық намыстан туындаған талаптарды жоққа шығаруға болмайтынын айтты. Алайда тілді саяси қақтығыстың құралына айналдыру елге пайда әкелмейтінін ескертті.

Оның пікірінше, геосаяси ахуал ушығып тұрған қазіргі кезеңде Қазақстанға сабырлы дипломатия мен байыпты саясат қажет. Елдің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін сақтау үшін ішкі тұрақтылық аса маңызды.

Ермұрат Бәпи жаңа Конституция жобасының басты мақсаты мемлекеттің тұтастығы мен қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Ол сыртқы саяси тәуекелдер күшейіп тұрған шақта қоғамды дүрліктіру қауіпті екенін жеткізді.

"Сыртқы әлем теңселіп тұрған кезде, біз өз қолымызбен ішкі тұрақтылығымызды шайқауға қақымыз жоқ", - деді депутат.

48-бапқа қатысты алаңдаушылыққа жауап

Сондай-ақ, депутат Конституция жобасының 48-бабына қатысты қоғамда туындаған күмәндерге тоқталды. Оның айтуынша, экс-президентке қатысты нормалар бұрынғы президенттің отбасы билікке қайта келеді дегенді білдірмейді. Себебі 2022 жылғы 8 маусымда қабылданған конституциялық заңда президенттің отбасы мүшелерінің мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым салынған.

Сөз аяғында Ермұрат Бәпи қазақстандықтарды бірлік пен парасатқа шақырды. Оның айтуынша, елдің қауіпсіздігі мен егемендігі - әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

"Дана халық екенімізді көрсету - билікпен салауатты әрі салиқалы мәміле жүргізе алатын деңгейге жеткенімізді дәлелдеу", - деп түйіндеді депутат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.