ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тіл мәселесі – араздық емес, ұлтты біріктіру құрал...

Тіл мәселесі – араздық емес, ұлтты біріктіру құралы

Әлеумет 24.04.2025, 12:23 524
Тіл мәселесі – араздық емес, ұлтты біріктіру құралы
akorda.kz
Тіл арқылы арандатушылыққа жол жоқ – мұндай әрекеттер заңмен қатаң жазаланады

Тіл арқылы арандатушылыққа жол жоқ – мұндай әрекеттер заңмен қатаң жазаланады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде тіл мәселесін саяси құралға айналдырып, қоғамда алауыздық туғызуға тырысатын кез келген әрекетке қатаң түрде тосқауыл қойылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Aqshamnews.kz сайты хабарлайды.

Мемлекет басшысы азаматтар арасында тілге байланысты құрмет пен түсіністік болуы қажет екенін атап өтті. Әркім өз ойын еркін білдіруге құқылы болғанымен, біреуді белгілі бір тілде сөйлеуге мәжбүрлеуге болмайтынын ескертті.

"Елімізде азаматтар бір-бірін немесе мінберде сөйлеп тұрған адамды ‘мына тілде сөйле’ деп мәжбүрлемеуге тиіс", – деді Тоқаев.

Президент тіл мәселесін желеу етіп, қоғамда іріткі салуға бағытталған арандатушылық әрекеттерге жол берілмейтінін және олардың заң жүзінде жауапкершілікке тартылатынын нақты айтты.

"Тіл мәселесін ту етіп қоғамда алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке тосқауыл қойылып, заң жүзінде жазаланады", – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, мұндай әрекеттер тек ел ішінде ғана емес, шетелде отырып, түрлі ұйымдардың қаржылай немесе ақпараттық тапсырмаларын орындайтын деструктивті топтар тарапынан да орын алуы мүмкін.

"Бұл ретте үй ішіндегі ғана емес, шетелде отырып әлдебір ұйымдардың ақшасы мен тапсырмасына деструктивті әрекетпен айналысатын арандатушылар туралы да айтып отырмыз", – деп нақтылады Тоқаев.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.