Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Тіл – ең асыл құндылық

Тіл – ең асыл құндылық

Әлеумет 19.03.2024, 07:57 1,253
Тіл – ең асыл құндылық
Сурет: автордан

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Түрксіб ауданындағы №71 мектеп – лицейде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің «Қазақ тілі – болашақтың тұғыры» атты онкүндігі салтанатты түрде ашылды.


Шараның ашылу салтанатында алғаш болып сөз алған лицей директоры Алиям Айтахунова  ақжарма тілегін білдіріп, шараның сәтті өтуіне тілектестік білдірді. Онкүндікті ашылу салтанатына мектеп ұжымының ұлттық киім келуі ерекшелеп тұрды.  


Дүйсенбі күні таңнан лицей қызметкерлері мен  оқушылары ән – күй орындап, көпшіліктің  көңіл күйін көтерді. Мұнан кейін мәдени іс-шара Қарлығаш Шалгинбаева  мен Зульфира Якуповалардың ұйымдастырумен «Жылы лебіз», «Мақалдың жалғасын тап» атты айдарларымен өз жалғасын тапты. Осы онкүндіктің ашылу салтанатына мақалдың жалғасын тауып, жақсы тілектерін айтып атсалысып қатысқан оқушылар мен лицей қызметкерлеріне бауырсақ таратты. 


Қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестігінің онкүндігі 11 наурыздан 18 наурызға дейін жалғасты. Осы аралықта жалғасын табатын іс – шараның  жүргізілуіне қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері бір кісідей ұйымшылдық таныта білді. 


Онкүндіктің өткізілуі барысында Қ.Шалғынбаева, Л.Мұсабекова, З.Якупова, Н.Болысбекова, Э.Сагиева, Н.Жуаспаева, М.Бурабаева, Ғ.Касымова, С.Аминова сынды ұстаздар ашық сабақтар өткізді.


Қазақтың ұлттық киімін ұлықтап, салт-дәстүрін, мәдени құндылықтарын насихаттап, ұстаздар мен оқушылар қазақ халқының ұлттық киімдерін киіп көпшіліктің көз қуанышына айналды.


Оқушыларымызға, жастарымызға тәрбие бастауы – салт–дәстүріміз, ұлттық киімдеріміз, ұлттық құндылықтарымыз екендігін насихаттай жүріп жерін, елін сүйетін, Отанын сүйетін патриот болуға ынталандырып, рухын көтеретін әр ашық сабағымыз, сабақтан тыс тәрбие сағатымыз әрқайсының «Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын!» - деген мақтаныш сезімін оятары сөзсіз.



Мемлекеттік тілді жандандырып, абыройын көтеруіміз керек, ол әрбір азаматтың міндеті. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» – деп әрқайсымыз мақтан тұтып, құрметтеуіміз керек, тілді сақтау - қазақ халқының өткені мен болашағын білу, сақтау. Біздің міндетіміз тілімізді сақтап, осы тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізе білу, мемлекеттік тілімізді ардақтап құрметтеу. Өскелең ұрпақты «Тіл- мемлекетіміздің  тұғырлы тірегі, халықымыздың  рухани байлығы» деп тәрбиелеуіміз керек — деді 71 мектеп лицей директоры Алиям Айтахунова.



Осы ретте айта кету керек, Алиям Аркиновнаның өзі аса  көңіл бөліп отырған, дәстүрге айналған іс – шара  лицейде «Жұмада мемлекеттік тілде сөйлейміз» атты игі дәстүрді қалыптастыруы көңіл қуантады.


Бұл күндері қазақ тілі мен әдебиет пәні бірлестік мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  лицей қызметкерлерін, оқушыларды мемлекеттік тілде сөйлеуге ынталаландыратын іс шаралар өткізіліп отырады.


Шәкірттерінің бойына  мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, қазақ тілінде ауызша, жазбаша сөздік қорларын молайтуға, шығармашылық қабілетін дамытуға, пәнге деген қызығушылығын арттырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде лицей ұстаздарының еңбегі зор.


 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұстаз #наурыз #Тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.