ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / TikTok жыл сайынғы “Қазақстан Мұғалімдері” байқауы...

TikTok жыл сайынғы “Қазақстан Мұғалімдері” байқауының басталғанын жариялайды

Білім және ғылым 05.11.2025, 17:14 431
TikTok жыл сайынғы “Қазақстан Мұғалімдері” байқауының басталғанын жариялайды
depositphotos.com
Қысқа бейнероликтер жасау мен көрудің жетекші платформасы TikTok "Қазақстан Мұғалімдері" байқауын жариялайды. Елімізде төртінші рет өткізіліп отырған бастама аясында платформа еліміздің барлық...

Қысқа бейнероликтер жасау мен көрудің жетекші платформасы TikTok "Қазақстан Мұғалімдері" байқауын жариялайды. Елімізде төртінші рет өткізіліп отырған бастама аясында платформа еліміздің барлық педагогтарын өз пәндері бойынша қысқа танымдық бейнероликтер форматында білімдерімен бөлісуге шақырады.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бастаманың дәстүрлі серіктестері болып табылады. Жобаны мемлекеттік мекемелердің қолдауы платформаның кең аудитория арасында білімді танымал ету ісіндегі маңызды рөлін айқындап, TikTok-тағы педагогтар қауымдастығының дамуына ықпал етеді.

Төрт жыл бойы конкурс өткізу барысында Қазақстанда мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары және жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын біріктірген білім беру контенті авторларының мықты қауымдастығы қалыптасты, ал жалпы бейнероликтер саны 90 мыңнан асты. Бұрынғы жеңімпаздар - Ботагөз Омарова, Хайдар Мурзахметов, Байболат Сейдахан, Евгений Солоницын - өз үлгісімен қысқа бейнеролик форматындағы танымдық контенттің қызықты әрі миллиондаған қаралым жинай алатынын дәлелдеді.

«Бұл байқау ұстаздың ықпалы сынып шегінен әлдеқайда асып түсетінін дәлелдеді. TikTok-та жас та, арақашықтық та маңызды емес – өзін көрсете алатын мүмкіндік бәріне бар. Мен шалғай ауылда тұрамын, бірақ бұл платформа маған өз дауысымды жеткізуге мүмкіндік берді. Өз тәжірибең мен біліміңді онлайн бөліскенде, сен тек оқытпайсың – ата-аналарға, оқушылар мен әріптестерге өз пәні мен мамандығына жаңа көзқараспен қарауға жол ашасың. Мен әрбір педагогтың TikTok-та өзгелерге шабыт сыйлай алатын өз тарихы бар екеніне сенемін», – дейді Алакөл облысының Достық ауылындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова.

Ботагөз 2023 жылы "Қазақстан Мұғалімдері" байқауында жеңімпаз атанып, биыл TikTok-тың Discover List тізіміне енген алғашқы қазақстандық контент авторы болды. Бұл жаһандық тізім – платформаны дамытып, адамдарға шабыт беріп жүрген үздік авторларды біріктіреді.

Байқауға қатысу үшін педагогтер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары 19 қарашаға дейін жоба парақшасында өтінім беріп, #УчителяКазахстана хэштегімен кем дегенде бір бейнеролик жариялауы қажет. Роликтар танымдық сипатта болып, автордың оқытатын пәніне сай келуі тиіс. Автордың бейнеролигі 1 000-нан астам қаралым жинаған жағдайда, ол өз профилі үшін эксклюзивті жиекке ие болады. Ал бейнесі 5 000-нан астам қаралым жинаған қатысушылар үш iPhone 17 ұялы телефонының бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Жеңімпаздар аудиторияның белсенділігі мен тартылу деңгейі негізінде анықталады. Толық ережелер TikTok қосымшасындағы байқау бетінде қолжетімді.

«Біздің жобамыз көптеген міндеттерді шешеді: педагог мамандығын насихаттайды, оқытушыларды цифрлық контент жасауды меңгеруге ынталандырады, оларға өздерін танытып, аудиториясын сынып шеңберінен тыс кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, миллиондаған қолданушыларға беделді білім иелерінен үйренуге жол ашады. Биыл да бұл жоба Қазақстан білім беру саласының жаңа тұлғаларын ашып, олардың шығармашылық әлеуетін көрсететініне сенімдіміз», — деді TikTok компаниясының Түркия, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша операциялық бөлім басшысы Мелис Чаглар.

TikTok туралы

TikTok – қысқа видеороликтерге арналған жетекші платформа. Біздің миссиямыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандыру және оларға қуаныш сыйлау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.