ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Ойын-сауық / Тик-токта текке кеткен уақыт

Тик-токта текке кеткен уақыт

Ойын-сауық 28.09.2021, 11:47 3,082
Тик-токта текке кеткен уақыт
Сурет: Zdorovieinfo.ru
Бүгінгі қоғамда көпшіліктің, әсіресе, жастар мен олардың іздерінен өкшелеп келе жатқан оқушылардың басым бөлігінің бастары тик-токта қауышады. Өйткені қазір көбі соған байлаулы. Заман өзгеріп,...

Бүгінгі қоғамда көпшіліктің, әсіресе, жастар мен олардың іздерінен өкшелеп келе жатқан оқушылардың басым бөлігінің бастары тик-токта қауышады. Өйткені қазір көбі соған байлаулы. Заман өзгеріп, адамдар смартфондардан бір елі ажырай алмай қалған қоғамда, бір жағынан, бұл – қалыпты құбылыс.


Мұғалімдерше айтсақ,  зумда онлайн сабаққа қосылмаған балаларды тик-токтан жолықтыруға болады. Көшеге шығып, телефоныңызға үңілмей, бір сәт айналаңызды бақылап көріңізші. Сырт көзге қылықтары оғаш көрінетін, топтасып тик-ток видеоларын түсіріп жүргендерді көріп қаларсыз.


Өткенде шамамен 35-40 шамасындағы бір ана «тик-ток деген қызымның мінезін өзгертіп болды» деді кейісті үнмен. Айтуына қарағанда, қызы бұдан кішірек кезінде қайта қолқабыс етіп, үй тірлігіне араласып, анасын қуантатын. Ал қазір жұмсаса, тіл алмай, тіпті сөз қайтаратын болған. Шарасыз ана осы әлеужелі көп баланың санасын улап болды деп шырылдайды.


Тик-ток әлеуметтік желісін көбіне-көп жастар, соның ішінде оқушылар көп пайдаланатынын ескеріп, олардың ата-аналарының пікірін сұрап көрдік:


Зияш: «Мен бұл әлеуметтік желіге қарсымын. Балалардың уақытын алады. Қазір бұған тіпті үлкендер де, жастар да әуес болып кетті. Пайдасыз жағы өте көп. Балалар көргенін қайталап, тәрбиеден асып бара жатқан секілді».


Динара: «Біздің балалар тик-ток қолданбайды. Бәрі өзіміз беретін тәрбие мен тәртіпке байланысты. Әйтпесе, жұрттың балалары ұстап жүрген телефон мен интернет менің балаларымда да бар. Баланы үнемі қадағалап отырса, ол уыстан шықпайды, уақытты құр босқа шығындайтын істерге үйір болмайды».


Жанна: «Тик-токты балалар тұрмақ, өзіміз де қараймыз. Одан, меніңше, үлкен проблема жасаудың қажеті жоқ. Әр нәрсенің өз уақыты болады. Қазір дәурені жүріп-ақ тұрған шығар. Бірақ келе-келе бұл да қызық болмай қалады, тағы бірдеңесі шығады. Сондықтан ол үшін байбалам салудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әр нәрсенің керегі де, керексізі де болады».


Айнұр: «Тик-ток қолданады. Бірақ мен шектеу қойдым. Себебі, балалар жақсы-жаманды, пайдалы немесе кесірлі заттарды айыратын жаста емес, сондықтан да шектедім. Ал енді біреулер тик-токқа пайдалы дүниелерді де жүктейді. Бірақ өкінішке қарай, балапандарымызды зиянды, қатыгез, ұятсыз бейнелер көбірек тартып кетеді».


Әркім әр түрлі ойда. Бірақ көпшілігінің ойы бұл әлеуметтік желіге қандай да бір шектеу болса дегенге саяды. Десе де, баланың көз алмай, алтын уақытын құры арзан күлкі мен қызық үшін экран алдында ербеңдеп билеуі ойланатын жайт.


Тик-ток - әлемдегі танымал желілердің бірі. Көптеген ата-аналардың алаңдаушылығын тудырып отырған желіге Қытайда балалардың қолдануына белгілі шектеулер қойылды. Яғни, енді бұл елде бір күнде балалар тик-токты таңғы 6 мен кешкі 22 аралығында 40 минут қана қолдана алады. Мұндай шешім кәмелеттік жасқа толмағандарды оның кері әсерінен қорғау мақсатында қабылдап отыр. Байбалам салмайтындай әлеуметтік желі болса, өздері шығарған өнімге қытайлар осылай шектеу қояр ма еді?!


Тик-токқа кетірген уақытты бала ата-анасымен сапалы уақыт өткізуге, кітап оқуға, тіл үйренуге жұмсаса, әлдеқайда құба-құп болар ма еді?!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.