AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Терроризм - баршамызға ортақ қауіп

Терроризм - баршамызға ортақ қауіп

Заң мен тəртіп 10.06.2025, 17:40 1,005
Терроризм - баршамызға ортақ қауіп
Алматы қаласы әкімдігі

Бүгінде терроризм әлем елдері үшін басты қатерлердің бірі болып отыр. Қазақстан да бұл қауіппен күресу үшін алдын алу шараларын жүргізуде. 

Aqshamnews.kz терроризмге қарсы күрес тек мемлекеттің ғана емес, әр азаматтың да ортақ міндеті екенін ұмытпаған жөн екенін еске салады. 

Ендеше, қарапайым азамат ретінде не білуіміз керек?

Күдікті белгілерді таныңыз

Күнделікті өмірде кейбір жағдайлар ерекше назар аударуды талап етеді. Мысалы:

         •        Қоғамдық орында иесіз қалған сөмке, қорап немесе басқа да заттар;

         •        Ғимаратты, көлікті немесе адамдарды ұзақ бақылайтын бейтаныс адам;

         •        Белгісіз құрылғылар, сымдар немесе ерекше иіс;

         •        Күдікті әрекет — асығыс жүріс, көзден таса болуға тырысу.

Егер осындай белгілерді байқасаңыз — затқа жақындамаңыз және дереу 102 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.

 

Ақпаратқа абай болыңыз

Террористік ұйымдар өз насихатын тарату үшін интернет пен әлеуметтік желілерді жиі пайдаланады. Сол себепті:

         •        Бейтаныс адамдардан келген сілтемелерге өтпеңіз;

         •        Шын-өтірігі белгісіз ақпаратты таратпаңыз;

         •        Күмәнді топтар мен арналарына жазылмаңыз;

         •        Балаларыңыздың интернеттегі әрекеттеріне бақылау жасаңыз.

 

Қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыз

Сауда орталығы, вокзал, театр сияқты халық көп жиналатын жерлерде қауіпсіздік белгілері мен эвакуациялық жолдарға назар аударыңыз. Төтенше жағдай болған кезде:

         •        Сабыр сақтап, дүрлікпеңіз;

         •        Жақындарыңызды қауіпсіз жерге алып шығыңыз;

         •        Арнайы қызметтердің нұсқауын бұлжытпай орындаңыз;

         •        Фото немесе видео түсіруге емес, қауіпсіздікке мән беріңіз.

Есте сақтаңыз!

Кез келген күмәнді жағдайды байқасаңыз — 102 немесе 112 нөміріне дереу хабарласыңыз.

Сіздің қырағылығыңыз — өзіңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды қадам

Телеграм арнаға жазылыңыз
#терроризм #қауіп #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);