ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Теріскейде қандастарды қолдау орталығы ашылды

Теріскейде қандастарды қолдау орталығы ашылды

Мұны білген жөн 14.10.2021, 04:17 1,379
Теріскейде қандастарды қолдау орталығы ашылды
Сурет: Gov.kz
Қандастарды қолдау артып келеді

Қандастарды қолдау артып келеді


Солтүстік Қазақстан облысында қандастар мен елдің еңбек күші артық аймақтарынан азаматтарды қабылдау жөніндегі ақпараттық кеңес орталығы құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Петропавлда қандастарға және басқа өңірлерден қоныс аударушыларға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында арнайы орталық ашылды. Алғашқы екі ай бойы бұл жоба пилоттық режимде жұмыс істейтін болады. Сұраныс болып, қажеттілік артқан жағдайда қызметін жалғастырмақ. Ашылғанына бірер күн болған орталық қазірдің өзінде 70 шақты қоңырауды қабылдап үлгеріпті.



«Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту басқармасының тапсырысы бойынша ашылып отыр. Бұл жерде жеті адам жұмыс істеп жатырмыз. Екі қызымыз телефон қоңырауларын қабылдап, Call-орталықта отыр. Олар да өңірге бағдарламамен келген. Біреуі - Шымкенттің тумасы, екіншісі – Қытайдан оралған қандасымыз. Сондықтан олар көші-қон бағдарламасы жайында бүге-шігесіне дейін біледі. Әлеуметік желіде парақшаларымыз бар, онымен арнайы маман айналысады. Сондай-ақ психолог, заңгер жұмыс істейді, қажетті көмек береді», - дейді қандастар мен елдің еңбек күші артық аймақтарынан азаматтарды қабылдау жөніндегі ақпараттық кеңес орталығының жетекшісі Әнуар Тоқпанов.



Орталық мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында құрылған.



«Оңтүстік өңірлерден қоныс аударғысы келетіндер көп. Оларға ақпараттық көмек береміз. Қандай құжаттар жинау керек, кімдерге басымдық беріледі. Қай аудандарда қоныс аударушыларға үйлер бар, мәселен, қай ауылда мұғалім немесе мал дәрігері керек. Көшіп келушілерге қойылатын талаптар бар, әрине. Ол - көп балалы және мамандығының болуы. Дәрігерлерге, мұғалімдерге, ветеринарларға басымдық беріледі», - дейді Әнуар Тоқпанов.



Орталық қызметкерлері сондай-ақ оңтүстік өңірлерге іссапарға шығып, тұрғындармен кездеспек. Келесі аптада Түркістан, Қызылорда облыстарына жол жүрмек.



«Басқармадағылар бізге биылдыққа квотаның біткенін айтты. Біз келесі жылға көшіп келушілермен сөйлесеміз. Қоныс аударушылардың 90 %-ы орнығып қалып жатыр. Кеткендер де бар. Біріне ауа райы жақпады, денсаулығына, жұмысқа байланысты қайта көшкендер бар. Жалпы, біз қандастар, қоныс аударушылар арасында сауалнама жүргіземіз. Соның нәтижесі бойынша жылдың соңында басқармаға ұсыныс әзірлейміз. Қандай мәселелер бар, неге баса назар аудару керек деген сияқты», - дейді орталық жетекшісі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.