конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Тергеудегі азаптаудан 9 адам қайтыс болды – Бас пр...

Тергеудегі азаптаудан 9 адам қайтыс болды – Бас прокурор

Оқиға 14.03.2022, 06:38 1,735
Тергеудегі азаптаудан 9 адам қайтыс болды – Бас прокурор
Сурет: Inform.kz

Қаңтар оқиғасына байланысты Прокуратураға тергеудің рұқсат етілмеген әдістемесі бойынша барлығы 301 шағым түсті


Олар бойынша азаптау және қызметті асыра пайдалануға қатысты 243 қылмыстық іс қозғалған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте 234 қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz   



«Уақытша ұстау изоляторларында адамдардың қаза болғаны туралы тоғыз жағдайды арнайы прокурорлар тергеуге алды. Аталған істер аясында ұсталғандар 9 лауазымды тұлға, оның ішінде 8 адам - ҰҚКД қызметкері және біреуі - полиция қызметкері. Олар соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның ішінде Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында үтік қолданып азаптаған полицей бар. Алматы қаласында да ҰҚКД-ның алты қызметкері азаптауды қолданды деген күдікке ілінді. Бұған қоса, «Жабайы Арман» қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматтың барлығы дене жарақатын алып, бір адам қайтыс болды. Алматы облысы ҰҚКД-ның тағы екі қызметкері бұрын уақытша ұстау изоляторында ұсталған адамды ұрып-соққан. Тергеу жалғасуда», - дейді Бас прокурор Берік Асылов.



Оның айтуынша, республика бойынша барлығы 230 адам қаза тапты, оның ішінде 19 әскери және қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері. Алматы қаласында қаза тапқандар саны - 139 адам. Оның ішінде 53 қайтыс болған адамның өлімнің мән-жайы анықталуда. Олар қала аумағында әртүрлі жарақаттармен, соның ішінде 48 атыс, 2 пышақ жарақаттарымен табылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаңтар оқиғасы #тергеу #азаптау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);