AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Теннисші Бейбіт Жукаев ҚР Президенті кубогының 3 д...

Теннисші Бейбіт Жукаев ҚР Президенті кубогының 3 дүркін чемпионын ұтты

Спорт 06.09.2022, 10:09 1,356
Теннисші Бейбіт Жукаев ҚР Президенті кубогының 3 дүркін чемпионын ұтты
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық теннисші ресейлік әріптесімен кездесті.


Қазақстандық Бейбіт Жукаев Нонтабуриде (Таиланд) өтіп жатқан ATP Challenger Tour Bangkok Open 3 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Дүниежүзілік рейтингте 395-орында тұрған Б.Жукаев алғашқы айналымда әлемнің 331-ракеткасы, Қазақстан Президенті кубогының үш дүркін чемпионы, ресейлік Евгений Донскоймен кездесті.


Қазақстандық теннисші тартысты матчта 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті.


Екі сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында Жукаев 7 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 9 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.


Ақтау теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін әлемнің 242-інші, жарыстың 1-ракеткасы, жапониялық Есукэ Ватанукимен таласады.


Тағы бір қазақстандық, әлемнің 250-ракеткасы Тимофей Скатов Севилья (Испания) челленджер додасының екінші айналымына шықты. Ол бастапқы кездесуінде әлемнің 208-ракеткасы, италиялық Рауль Бранкаччионы 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді.


Т.Скатов дүниежүзілік рейтингте 408-сатыда тұрған испаниялық Хавьер Косано Барранкомен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын ТОП-10-ға кіретін бес теннисшінің Astana Open ATP 500 турнирінде өнер көрсететінін жазған болатынбыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#теннис #Қазақстан #жарыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);